БАҚ аккредиттеу

26.09.2023, 12:00    Оқылғаны: 274
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» кәсіби баскетбол клубы 2023/24 маусымына арналған ҚР Ұлттық лигасы мен ВТБ Бірыңғай лигасының үй матчтарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуден өткізеді.

Қазақстанда БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау және баскетбол қозғалысын насихаттау – біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттардың бірі, сондықтан біз журналистердің жұмысына кез келген тұста жәрдем көрсетуге дайынбыз.

Аккредиттеу куәліктерін беру алдын ала берілген өтінімдер бойынша жүзеге асырылады, оларды клубтың баспасөз қызметіне 2023 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей ұсыну қажет.

Өтінім беру сілтемесі: https://forms.gle/kgWPLKuZCbUj1rNr8.

Аккредиттеу кезінде квоталау:
  • баспа және электрондық БАҚ, сондай-ақ ақпараттық агенттіктер-1 журналист + фототілші;
  • телеарналар мен радиостанциялар – 2 журналист + оператор.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмір бойынша жазыңыз: +7 702 194 61 51 (Азат Шайкенов, медиа-офицер), e-mail: a.shaikenov@pbcastana.kz.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»