Олег Киселев: «Жігерленген жігіттердің тартысын көрдік»

20.10.2023, 02:30    Оқылғаны: 468
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев Нижний Новгородтағы матчты қорытындылады.

– Бірінші кезекте жанкүйерді және клуб басшылығын, команданың өзін және жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтағым келеді. Біз бүгін өте жақсы ұжымнан басым түстік.

Егер статистикалық көрсеткіштерге мән бермесек, бүгін жігерлі жігіттердің күресі болды және біз оны сәтті аяқтадық. Оның үстіне, «Астана» соңғы алты жылда «Пари НН» ұжымын бірінші рет жеңіп отыр. Жігіттер шынымен де мінез көрсетті, өйткені біз Нижний Новгородқа жету өте қиын болды. Біздің рейс кешіктірілді, біз билеттерді ауыстырдық, екі түн ұйықтамадық және ойын күні ғана ұштық.

Жеңіске қаяу түсіретін жалғыз нәрсе – Маркелл Джонсонның соңғы минуттардағы жарақаты, қазір оның «Автодорға» қарсы ең жақын ойынға қатысуы күмән тудырып отыр.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»