Олег Киселев: «Жанкүйерге ұнайтын текетіреске толы ойын болды»

15.11.2023, 22:30    Оқылғаны: 251
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері «МИНСКПЕН» матчты қорытындылады.

– Жанкүйерге ұнайтын текетіреске толы ойын болды. Барлығы ірі есеппен жеңгенімізді күтті, шамасы, «МИНСК» жеңіссіз соңғы орында болған соң шығар, бірақ біз қиын ойын болатынын білдік. «МИНСК» әр матчта жеңіс үшін шығады, бірақ оларға бір нәрсе жетіспей жатады.

Біз бірінші кезеңді түсініксіз өткіздік. Екіншісінде біз қажет нәрсені таптық және шүкір, оң нәтижеге қол жеткіздік: үйде қатарынан үш ойын өткіздік. Қазір бізді екі рет сырт алаңдағы ойын күтіп тұр, бар назар сол ойындарда.

Барлық жанкүйерге үлкен рахмет, біз сіздерді естиміз! Бүгін керемет қолдау болды. Мен сіздерді 27 қарашада «Самараға» үйдегі матчқа шақырамын.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»