Пермьде жол бердік

19.11.2023, 21:00    Оқылғаны: 252
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы кезекті көшпелі матчы өткізді, қарсылас – «ПАРМА» болды. 
 
Алаң иелері бірінші кезеңде алға шықты және қазақстандық клуб ұпай санын бірнеше рет қысқартқанына қарамастан, ойын барысын өзгерту мүмкін болмады – 82:64 Пермь командасының пайдасына. Матчта «ПАРМА» шабуылшысы Би Джей Джонсон жасындай жарқырады, ол 36 ұпай жинап, 5 рет допқа таласта бірінші жетті. 
 
«Астана» құрамында Девин Дэвисті (16 ұпай, 8 рет допқа жету), Карвел Андерсонды (15 ұпай), Маркелл Джонсонды (10 ұпай, 8 пас) атап өткен жөн. 
 
 
«Бүгін қиын жағдай болды, барлық ойыншылар матчқа қатыса алмады, небәрі тоғыз адам ойнап шықты. Мүмкін ойын бірсыдырғы өтіп, ротация болмағаннан шығар, бірақ біз коммуникацияны жақсы қолдандық және әдемі қорғандық. Айта кетейік, допқа бірінші жетуде біз айқын басымдықпен жеңіске жеттік – 47-23. Бұл көрсеткіш бойынша біз екінші матч қатарынан озық шықтық. Себептке кім ие болса, сол ойынды басқаратыны белгілі. Бұған қоса біз әлдеқайда аз шығын жібердік, сонымен қатар шабуылда допты жақсы алып жүрдік», — деді «ПАРМАНЫҢ» бас жаттықтырушысы Евгений Пашутин ойыннан кейін. 
 
ВТБ Бірыңғай лигасының келесі қонақ матчын Олег Киселевтің командасы 22 қарашада «Енисейге» қарсы өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»