Олег Киселев: «Бүгін рекорд жасап, алаңды толтырған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді»

03.12.2023, 17:00    Оқылғаны: 167
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері ЦСКА-мен матчты қорытындылады.

– Мұндай ойындарға пікір айту қиын. Мен бірінші кезекте жанкүйерлерге бүгін рекорд жинап, алаң толтырғандары үшін алғыс айтқым келеді. Барлығы тартысты ойын күтті, бірақ ондай болмады. Бұл біздің тығыз кестеміздің кесірінен болуы мүмкін – ЦСКА дайындалуға көбірек уақыт алды, бірақ бұл ақталу емес. Менің ойымша, бүгін ойынға жарты команда қатыспады және ЦСКА осының арқасында бізді барлық жағынан жеңді. Командадағы адамдардың бір бөлігі бұл ойынға дайын болмады. Мұны талдаймыз.

Бізде көп уақыт жоқ, үш күннен соң Минскіде ойнаймыз, бұл біз үшін өте маңызды кездесу. Сондықтан біз осы жеңілістен тез қорытынды жасауға тырысамыз және «Минскіге» дайындаламыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»