IRBIS екі рет озық шықты

10.12.2023, 17:00    Оқылғаны: 255
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана Академия» Ұлттық лигада кезекті үй сериясын өткізді. Қарсылас алматылық IRBIS болды.

Өкінішке қарай, Михаил Лоншаковтың командасы қонақтарды жеңе алмады: бірінші кездесу 70:82, екіншісі 55:71 есебімен аяқталды.

Бірінші матчта Мағжан Сәрсенғалиев 19 ұпай жинап, 3 рет допқа бірінші жетуде озық шықты, 3 пас, 4 тосқауыл қою арқылы өзін жақсы көрсетті. Өкінішке қарай, кездесу кезінде команданың жаттықтырушысы Валерий Лиходей жарақат алды, сондықтан ол екінші ойынға шықпады. 

Сондай-ақ, бірінші матчтың үлкен үзілісінде U-23 Қазақстан Кубогын жеңіп алған Антон Пономаревтің шәкірттері «Астана Жастар»шыққанын атап өткен жөн. Оларға құрметі көрсетіліп, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Екінші матчтың үздік ойыншылары Игорь Каныгин (5 ұпай, 12 рет допқа жету) және Сардал Абашидзе (6 ұпай, 6 рет допқа жету) болды.

Келесі серияны «Астана Академия» Ұлттық лигада 23 және 24 желтоқсанда Қостанайда өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»