УНИКС басып түсті

11.12.2023, 22:00    Оқылғаны: 371
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында кезекті үй матчын өткізіп, Қазанның УНИКС командасынан жеңіліп қалды.

Кездесу 75:97 есебімен аяқталды. Елордалық команда құрамында Ройс Хэмм (15 ұпай, 6 рет допқа жету), Карвел Андерсон (14 ұпай), Девин Дэвис (13 ұпай, 6 рет допқа жету), Адам Кункель (12 ұпай) және Фелипе Хасе (11) ерекше көзге түсті.
 

«Ең алдымен, мен өз ойыншыларымды құттықтағым келеді, олар бүгін байсалды және өте жақсы ойын өткізді. Біз қорғанысты жақсы бастадық, өте байсалды ойнадық, нәтижесінде бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 15 ұпай артықшылығы болды. Үшінші кезеңде бізге ұпай жинау оңайырақ болды, бірақ қарқындылық деңгейін төмендетуге тура келді. «Астана» — жақсы команда және доп соғуға мүмкіндік тапты. Дегенмен, бізде артықшылықты сақтап, жеңіске жету қиын болған жоқ», — деді матчтан кейін УНИКС бас бапкері Велимир Перасович.

Үлкен үзілісте «Астананың» бас директоры Самсон Аракелян клубқа үй ойындарын ұйымдастыруға көмектескен бірнеше еріктіге алғыс хаттар табыс етті.

«Бүгін алғыс хаттар табысталған балалар атынан команданы қолдайтын, сенетіндердің барлығына алғыс айтқым келеді! Осы маусымда біз сіздердің арқаларыңызда рекордтар жасаймыз. Волонтерлердің көмегі тек алаңда қолдау көрсетумен ғана шектелмейді: біз жаңа серіктестер тауып, маркетингтік белсенділікті іске қоса аламыз, оның ішінде клубты қолдайтын және «Астана» баскетбол клубын дамытуға тегін көмектескісі келетін адамдардың көмегі арқасында», — деді Самсон Геворгович.

Сондай-ақ, ойынға хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков пен «Мақтаарал» футболшысы Рамазан Кәрімов қатысты.

15 желтоқсанда маусымның қорытынды үй матчы өтеді, Астанаға «Пари Нижний Новгород» келеді. Ойын сағат 20:00-де басталады, билеттерді Ticketon және «Давай Сходим!» сайттарынан сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»