Олег Киселев: «Тобымызда тартысты талас болары анық»
«Астана» бас бапкері Олег Киселев «Енисейге» қарсы ойынға қорытынды жасады.
- Мұндай ойынды күтпегеніміз анық. Үшінші ширекте ойынға қайта оралғымыз келген еді. Бірақ, қорытынды нәтиже үшін қажеттіні жасамау матчтың соңғы ширегінде нашар ойын өрнегін көрсеттік. Оған қоса, ширек ортасында бес фол алғандары үшін Андерсон мен Пушица ойнаған жоқ.
Неліктен? Бұл — өз арамыздағы мәселе. Сөйлесіп, шешімін табамыз. Алайда мұндай нәтижеге жол беруге болмайды. Бұл — бүгін матчтың ыңғайсыз уақытта басталғанына қарамастан, бізді қолдауға келген жанкүйерлерімізге деген құрметсіздік.
Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын! Тұрақты маусымның соңғы ойынын өткіздік, енді күш жинап, бүгінгі матч қорытындысына қарай маңызды шешімдер шығару үшін уақыт бар.
Біздің тобымызда тартысты талас болары анық. Әр допты алу, әр шабуылдың құны алтынмен тең болады. Бүгін төртінші ширекте орын алған жағдайларға жол беруге болмайды, әсіресе қорғаныста.
Плей-инге өтуге және плей-оффқа жолдама алуға талас жүргізу үшін жақсы мүмкіндіктеріміз бар.