Олег Киселев: «Жеңілістен кейін өз-өзімізге келуге уақыт бар»
«Астана» бас бапкері Олег Киселев «Автодормен» матчты қорытындылады
-Матчтың екінші жартысының статистикасы шабуылдағы жоспарды дұрыс жүзеге асырмағанымызды көрсетіп тұр деп ойлаймын. Таблодағы көрсеткіш те осының дәлелі, ойынның екінші жартысында тек 27 ұпай олжаладық. Шабуылда үлкен қиындықтарға тап болдық, өзіміздің мықты тұстарымызды ойыншылармен келіскеніміздей қолдана алмадық, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыру көрсеткішіміз төмен болды.
«Автодорға» лайықты бағасын беру керек: олар үшінші және төртінші ширектерде жақсы ойын өрнегін көрсетті, мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы көрсеткіштері де жоғары болды.
Қазір Жұлдыздар матчы мен ФИБА турниріне байланысты үзіліс болады, сондықтан осы жеңілістен кейін өзімізге келуге мүмкіндігіміз бар. Бұл – екінші кезеңнің алғашқы ойыны ғана, сондықтан қандай да бір шешім шығаруға әлі ерте.
Бүгін жіберген қателіктерімізді жөндеуге және оларды алдағы ойындарда қайталамауға мүмкіндігіміз бар.