Самсон Аракелян Академияның U-14 командасын құттықтады
«Астана» бас директоры Самсон Аракелян Антон Кирин жаттықтыратын Академиямыздың командасын Қазақстан чемпионатының (U-14) алғашқы турындағы екінші орынымен құттықтады.
«Жігіттер, «Астана» БК отбасына қош келдіңдер! Енді өз командаларың ғана емес, сендерді кәсіби мансап жолдарыңда қолдауға дайын «Астанада», «Астана Академияда» ойнайтын және бапкерлер құрамындағы 40 үлкен ағаларың бар.
Әрдайым қолдау көрсететінімізді және өздеріңнен үлкен ағаларыңның тәжірибесі бар екенін есте ұстаңдар, бәріміз бірге жаңа жеңістер мен чемпиондық атаққа ұмтыламыз!», — деп жас баскетболшыларға тілек айтты Самсон Геворгович.
Баскетболшыларға клуб жейделері сыйға тартылып, олар Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларымен естелікке суретке түсті.