Фотиос Такианос: «Жігіттерді жеңіспен құттықтаймын»
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос «МИНСК» командасымен кездесуге қорытынды жасады.
- Оңай ойын болған жоқ: қандай да проблемалардың болғанынан емес, уақыттың тығыздығынан. Күнтізбе қиын, сырт алаңда қатарынан үш матч өткіземіз. Командамен бірге жұмыс істеп, тың нәрселер енгізу үшін уақыт керек екендігі сөзсіз. Өкінішке қарай, бізде сол уақыт жоқ, сондықтан көп нәрсені ойын барысында құрып, жасауға тырысып жатырмыз.
Енді нені дұрыс, нені бұрыс жасағанымызды анықтап, анализ жасап, келесі ойынға дайындық жүргізуіміз керек.
Күнтізбе тығыз деп айттым. Алаңда ойын уақытын көп өткізетін спортшылар бар және олардан шаршаңқылық байқалады, бірақ бұл — біздің жұмысымыз. Медициналық штабқа атқарып жүрген маңыды қызметтері мен ойыншыларға көрсететін қолдаулары үшін алғысымды білдіремін.
Дэвистің жағдайы қалай? Арқасында кішігірім жарақаты бар, бірақ ойнап, командаға пайдасын тигізгісі келетінін айтты. Ол қажетті медициналық көмекті алып жатыр, алдағы уақытта денсаулығы бақылауымызда болады.
Өкінішке қарай, Дмитрий Гаврилов білегінің сүйегін сындырып алып, қатардан шығып қалды. Оның қатарға қосылуына шамамен екі аптадай уақыт керек.