Фотиос Такианос: «Өте қиын матч болды»

13.03.2024, 23:00    Оқылғаны: 501
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос «Самарамен» кездесуді қорытындылады.

— Біз үшін қиын матч болды. Қорғаныста нашар ойын өрнегін көрсетіп, бірінші ширекте қарсыластың 31 ұпай олжалауына жол беріп қойдық. Бірақ, артыншы қорғаныстағы ойынымызды түзеп, алаң иелерін қуып жеттік. Кездесудің екінші жартысында екі негізгі ойыншымыздың матчты жалғастыра алмауы әсер етті. Дэвистің арқа жарақаты болса, Джонсонда фолдар саны көп. Осы себептен «Самараның» көрсеткен агрессиясына лайықты күрес көрсете алмадық. Дегенмен, осымен екінші матчта қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік берілгенін және олардың жақсы деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп жатқанын атап өткен жөн.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»