Минскте қарсыласқа жол бердік

27.03.2024, 22:00    Оқылғаны: 154
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы екінші кезеңінің тағы бір матчын өткізіп, сырт алаңда «МИНСК» командасына қарсы ойнады.

Қиынға соққан әрі бәсекелестік жоғары болған ойында алаң иелерінің маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді — 60:58. 

«Астана» құрамынан Маркелл Джонсон (25 ұпай) мен Джордан Скиипер-Браун (7 ұпай, 14 допты алу, 5 блокшот) матчтың үздік ойыншылары деп танылды. 

«Біздің бүкіл ұйымды осы жеңіспен құттықтаймын. Зактың жарақаты, Джарредтің кетуі сынды жағдайларға қарамастан, жігіттер бірігіп, нағыз ерге тән мінез көрсетті. Бүгін әдемі ойян өрнегін көрсете алмаған болармыз, «Астана» да жеңілгісі келген жоқ. Бірақ, бүгін қорғаныстағы, шабуылдағы төзім көп нәрсені шешті. Менің командам осының көрінісі. Бойларынан күш тауып, бүгін өздерін осылай көрсеткендері үшін оларды мақтан тұтамын», — деді «МИНСК» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Алексей Суховецкий. 

Енді «Астана» 31 наурызда сырт алаңда Саратовтың «Автодорына» қарсы ойнайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»