Фотиос Такианос: «Баскетболшыларымыз алаңда барын салды» 

14.04.2024, 17:30    Оқылғаны: 408
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос «Самарамен» болған жеңісті матчты қорытындылады. 

— Алдымен ойыншыларымды жеңіспен құттықтаймын. Команданың бұл ойында жоғары психологиялық дайындықты көрсеткені өте маңызды рөл ойнайды. ВТБ Бірыңғай лигасындағы соңғы матчымыз болғанына қарамастан, жеңіске жету үшін барымызды салдық. Бұл командадағы дұрыс менталитет пен бірлікті көрсетеді. 

Баскетболшылар алаңда барын салды, соның арқасында овертаймда жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйладық. Қазір өзімізді бақытты сезініп отырмыз. ВТБ Бірыңғай лигасындағы маусым аяқталғанымен, алда Қазақстан Суперкубогы мен Батыс-Азия Суперлигасы бар. Бүгін жеңімпаз атануымызға көмектескен қасиеттерімізді алдағы мақсаттарымызға қол жеткізуде қолдануымыз керек. 

Клуб «Астана» үшін көп нәрсе жасап жатыр, қолдау көрсетуде. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасы плей-ин кезеңіне өте алмасақ та, команда осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастырса, бұдан да биік жетістіктерге қол жеткізуге болады. 

Енді командада кішкене демалыс болады, одан соң алаңға қайта оралып, алдағы турнирлерге дайындықты бастаймыз. 

Бұған дейін матч пен туған күнім қатар келген кездер болды ма? Иә, бірнеше рет және ол әрдайым белгілі бір дәрежеде қысым береді. Өйткені, туған күніңді көңілсіз өткізгің келмейді. Алайда бұл жолы маңызды жеңіске қол жеткізді, қуаныштымын.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»