Шакур Джустон — «Астана» ойыншысы!

11.05.2024, 08:30    Оқылғаны: 545
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық шабуылшы Шакур Джустон — «Астана» ойыншысы!

Ол 1996 жылдың 31 наурызында Нью-Джерси штаты, Ньюаркада дүниеге келген. Бойы — 201 см, салмағы — 102 кг.

Біздің жаңа ойыншымыз Ирвингтон және Истсайд орта мектептері командаларында баскетбол ойнап бастаған. Студенттік шағында ол Хатчинсон колледжінің (Канзас), Лас-Вегастағы Невада университеті мен Орегон университетінің намысын қорғады. 2017 жылы Шакур NABC нұсқасы бойынша АҚШ қоғамдық колледждері командалары баскетболшылары арасында жыл ойыншысы атанды.

Джустонның кәсіби мансабы 2021 жылдың ақпан айында ҰБА «Мемфис Гриззлис» командасының «Мемфис Хастл» фарм-клубына қосылған кезінде бастау алды. Шакур Джи-Лигаасында төрт матч өткізіп, қыркүйекте грекиялық «Ариспен» келісімшартқа қол қойды. Содан соң ол «Перистери» (Греция) және «Ольденбург» (Германия) командаларында өнер көрсетті. 

Биылғы маусымды ойыншы грекиялық «Марусси» құрамында бастап, 11.3 ұпай олжалаған, сондай-ақ 6.9 рет допты алып, бір ойында орта есеппен 2.3 нәтижелі пас берген. 

Шакурды «Астана» сапында көргенімізге қуаныштымыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»