Команда жаттығу жиындарына дайындалып жатыр

22.08.2024, 09:00    Оқылғаны: 220
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы биыл маусымалды оқу-жаттығу жиындарын Сербияда өткізеді.

Жаңа баскетбол маусымына дайындық аясында «Астана» ойыншылары бапкерлер құрамымен бірге 29 тамызда Сербияның Златибор қаласына аттанады. Оқу-жаттығу жиыны 10 күнге жалғасады. Команда жаттығудан бөлек, бес жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ойындар күнтізбесі мен нәтижелерін әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жариялаймыз.
Баскетболшылар оқу-жаттығу жиынынан оралғаннан кейін, 13 қыркүйекте басталып, Академия залында өтетін Қазақстан Кубогының басталуына бірнеше күн қалады. ВТБ Бірыңғай лигасы жаңа маусымындағы алғашқы матч 22 қыркүйек күні «Пари Нижний Новгород» командасына қарсы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»