Астана КБК бас бапкерінің пікірі

10.09.2024, 14:32    Оқылғаны: 469
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Астана КБК бас бапкерінің пікірі.

Команданың Златибор мен Белград қалаларында өткізген оқу-жаттығу жиынымыз аяқталды, алдымен басшылық пен ұжымға берілген мүмкіндік пен жасалған жағдай үшін алғыс айтқым келеді. Мұнда келместен бұрынғы бір мақсатымыз — командамен бәріміз бірге болып, қарым-қатынасымызды жақсарту болса, екіншісі — жаңа маусымға жаттығулар мен жолдастық кездесулер арқылы дайындық жүргізу еді. Екі мақсатымызға да қол жеткіздік. Астанаға командамыз бір отбасы ретінде оралды. Онымен қоса, алдымызда күтіп тұрған жауапкершілігі мол әрі күрделі маусымға мол тәжірибемен келдік. Мықты қарсыластармен ойнап, өз дайындығымызды сынап көрдік, қандай қателіктерімізбен жұмыс істеу керектігін түсіндік. Тәжірибеміз молайып, өзімізге деген сенімділігіміз артып, елге оралдық. Астана тұрғындары бізбен мақтануы үшін барымызды салып ойнаймыз деп сөз беремін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»