Бірінші матчтың нәтижесі

22.09.2024, 17:30    Оқылғаны: 420
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы жаңа маусымындағы алғашқы матчын «Пари Нижний Новгород» командасына қарсы өткізді. Ойын есебін қарсылас команда ашты. Бірінші кезеңнің соңында екі ұжымның есептегі айырмашылық 10 ұпай болды, басымдық — Нижний Новгород командасында (12:22).
Астаналық клубтың салған барлық күш-жігеріне қарамастан, екінші кезең де қарсыластың пайдасына аяқталды (33:53).
Үшінші ширекте таблодағы көрсеткіштегі айырмашылық тағы ұлғая түсіп, «Пари Нижний Новгород» 28 ұпайға алға озып кетті (44:72).
Шешуші кезеңде ойыншылар қарсыласты есепте қуып жетуге тырысқанымен, бәрі сәтсіз аяқталды. Есеп — 62:90.
Матчтың ең нәтижелі баскетболшысы болып ойында 25 ұпай олжалаған Маркелл Джонсон танылды 
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңындағы келесі матчын 2 қазан күні мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізеді. Ал 25 қыркүйекте команда сырт алаңда «Локомотив-Кубаньмен» кездеседі.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»