ЦСКА-мен кездесу нәтижесі

03.10.2024, 17:30    Оқылғаны: 252
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазан айында өз алаңымызда өткізетін ойындар сериясын өткен маусымның чемпионына қарсы матчпен бастадық. ЦСКА ойыншылары шабуылда да, қорғаныс та сенімді ойын өрнегін көрсетті. Нәтижеге келсек: әр ширекте ЦСКА есепте алда болды әрі ойын соңында сенімді жеңіске қол жеткізді. Фотис Такианос жарақат алған ойыншылардың командаға жетіспей тұрғандығын айтып, жанкүйерлерге келесі ойында командаға жақсы қолдау көрсетуге шақырды. Саратовтың «Автодор» командасымен кездесу 6 қазан күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»