«Астана» КБК мен «Астана Тайгерс» БК серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

10.10.2024, 08:00    Оқылғаны: 114
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Екі жақ келісімінің басты пунктері келесідей:

  • Жас спортшылар, сонымен қатар Астана қаласы мектеп және студенттік баскетбол лигалары қатысушыларына арнап бірлескен шеберлік сағаттарын өткізу;
  • Тәжірибе алмасу мақсатында екі тараптың бапкерлер құрамы өзара әрекеттестігі жұмысын ұйымдастыру;
  • Клубтар ойыншыларының Ұлттық лигада, сондай-ақ «U21» жас санатындағы фарм-командалары арасындағы чемпионатта тәжірибе алуы үшін өзара алмасуы;
  • Клубтар ойыншыларының Жоғары лигада, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жастар командалары арасындағы Чемпионатында тәжірибе алуы үшін өзара алмасуы.

«Біз бұл келісімнен үлкен болашақ көреміз. Екі клубтың ресурсын біріктіру арқылы біз көп ойыншыны сапалы жаттығу процесімен, және ең бастысы, әр баскетболшының деңгейіне сай келетін ойын тәжірибесімен қамтамасыз ете аламыз. Клубтардың өзара әрекеттестігіне бір жыл болды: тұрақты түрде жолдастық кездесулер өткізіліп келеді, екі ұйымның да материалдық-техникалық базасы қолданылып жүр, бапкерлер құрамдары арасында диалог орнатылған. Бұл қадамның астаналық баскетболшылар даму деңгейін арттырып, барлық жас санаттарындағы ұлттық құрамалар үшін спортшыларды даярлау процесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз», — деді «Астана Тайгерс» БК директоры Илья Коптелов.

«Бұл серіктестіктің стратегиялық сипаты бар және бізге жастар құрамындағы баскетболшыларымыздың ҚР Жоғары лигасында қосымша ойын тәжірибе алуына мүмкіндік береді. Бұған айқын мысал – жас ойыншыларымыз Жұмабай Шындос пен Серімбет Асқардың Жоғары Лигада ойнайтын «Астана Тайгерс» құрамына ауысуы. Жігіттер жеткілікті деңгейде ойын уақытын алып, команданың көшбасшы ойыншысына айналады. Бұл олардың дамуына мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сондай-ақ, қыздарға арналған баскетбол секцияларын дамыту бойынша серіктестік құру жоспарымызда бар», — деп түйіндеді «Астана» КБК бас директоры Самсон Аракелян.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»