«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы сырт алаңдағы матчтар сериясын аяқтады

22.10.2024, 19:00    Оқылғаны: 366
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай Лигасы аясындағы сырт  алаңдағы матчтар сериясын аяқтады. Команда 15 қазан күні Қазанда «УНИКС», 19 қазанда «Самара» ұжымына қарсы ойнады. Екі кездесуде де баскетболшыларымыз жеңіліс тапты. 

«УНИКС» командасына қарсы ойын 97:81 (15:15, 25:24, 25:27, 32:15) есебімен аяқталды. 
Алғашқы екі кезеңде командалар тең ойнады. Үшінші ширек қорытындысында басымдық «Астана» жақта болды. Төртінші кезең матчта шешуші рөл ойнады: команда капитаны Рустам Мурзагалиев пен Григорий Мотовилов жарақат алса, арада бірнеше минут өткенде Маркелл Джонсон ойыннан шығып қалды. Үш маңызды ойыншысынан айырылған команда басымдықты ұстап қала алмады. 

26 ұпай еншілеген Маркелл Джонсон команданың үздік ойыншысы атанды. 

Сырт алаңдағы екінші матч «Самараға» қарсы өтіп, құрамға бірқатар өзгерістер енгізілді.
Рустам Мурзагалиев пен Григорий Мотовилов жарақатынан айығып үлгерген жоқ. Бұған дейін жарақат алған ТиДжей Старкс пен Джеймс Мюррей-Бойлзды есепке алғанда, «Астана» матчқа негізгі құрамның төрт ойыншысынсыз шықты. 

Александр Оразбеков ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бесінші матчын өткізді. Ойынның қорытынды есебі — 91:57 (21:18, 20:14, 27:14, 23:11). Жеңіс «Самара» еншісінде. 

Бас бапкер Фотис Такианос пікірі:
«Ойыншылардың жоқтығы үлкен мәселелер тудырып отыр. Алайда қиындықтарға қарамастан өнер көрсетіп жатқан командама, әсіресе жастарға алғыс айтқым келеді».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»