«Астана» «Ертіске» қарсы матчтарға дайын

30.11.2024, 18:00    Оқылғаны: 214
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
1-2 желтоқсан күндері «Астана» Ұлттық Лига аясында Павлодарда «Ертіс» командасымен қарсы ойнайды. Сырт алаңдағы матчтар алдында бапкер Никита Галиахметовпен және шабуылдаушы қорғаушы Әмірәли Сүлйеменовпен сұхбаттастық. Олар матч туралы, алға қойылған мақсат пен команданың дайындығы туралы айтты. 
 

 
«Астана» бапкері Никита Галиахметов:
— Дайындық қалай өтті? «Ертіске» қарсы матчтар сериясынан не күтеміз?
— Дайындық оңай болған жоқ. Ұлттық құрамалар ойыны біршама өзгерістер енгізді: кейбір ойыншылар Қзаақстан құрамасына шақырту, команданың кейбір мүшелері негізгі команданың жаттығуларына қатысты. Бұл өзіндік бір қиындықтар туғызды, алайда қазір команда қайтадан бірге, көңіл-күй жақсы. Біздің мақсат – сапалы баскетбол көрсету және екі жеңіске қол жеткізу.
 
— Команданың қазіргі жай-күйі қалай?
— Ойыншыларымыздың кәсібилігіне сенеміз және олардың денсаулығында барлығы жақсы болады деп үміттенеміз. Физикалық дайындық – бапкерлер құрамының мойнында. Біздің ЖДЖ маманымыз бен дәрігеріміз өз ісінің нағыз шебердері, олар әр физикалық жүктемені назарларында ұстайды. Ойыншыларды матчтарға ең жақсы физикалық деңгейде алып барамыз, бәрі қолымыздан келеді деп сенеміз.
 
— Ойыншылардың барлығы қазір ең жақсы формада ма?
— Иә, командада жарақат алған ойынышлар жоқ. Құрамдағы кейбір өзгерістер клуб басшылығы және бірінші команданың бапкерлер құрамымен бірге қабылданған шешімдерге байланысты.
 
— Командаға осы жылы қосылған жас ойыншылардың проресін қалай бағалайсыз?
— Маусымның ең басты мақсаттарының бірі – 2006-2007 жылы туған ойыншыларды дамыту болған және қазір жақсы нәтижелер көріп жүрміз. Прогресс жоспар бойынша жүріп жатыр, ал кейбіреулері мұндай нәтиже көрсетеді деп күтпеген де едік.
 
— Бірінші командаға қосылып жүрген ойыншылардан қандай даму байқайсыз?
— Олардан барлық жағынан прогресс байқалады: жұмысқа деген қарым-қатынас, өзін-өзі ұстау мен сөйлесу. Негізгі командаға қосылу – баға жетпес тәжірибе. Ойыншыларымыз бірінші командаға шақырту алып жүргені үшін қуаныштымыз.
 
— Сардал Абашидзе «Самараға» қарсы ойында команда құрамына енгенімен, паркетке шықпады. ВТБ Бірыңғай Лигасында ойнауға дайын ба?
 
— ВТБ Бірыңғай Лигасындағы жағдай біздің назарымызда. Сырттан қарағанда барлығы көрінбеуі мүмкін, бірақ командамыздың қарсыластары көрсететін ойын деңгейі өте жоғары. Сондықтан негізгі командамен тек бір апта ғана жаттыққан ойыншыға бұл деңгейге сай болу қиын. Сондықтан Сардалдың өткен ойында ойнамауында таңғаларлық дүние жоқ. Алайда біз оның жақын арады ойынды түсінуде прогресс көрсетіп, бапкерлер штабының оған мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Алдымен оған ойын уақыты аз беріледі, бірақ жақсы ойнаса, ол да арта береді. Негізгі командаға қосылған ойынышлардың бәрі осы жолды жүріп өтті. Мәселен, Влад Исаенко алғаш рет ВТБ Лигасында негзгі құрамда алаңға шықты. Ал біздің көшбасшыларымыз әрдайым алаңда.


 
«Астананың» шабуылдаушы қорғаушысы Әмірәли Сүлейменов
 
— Әмірәли, сен Павлодардың тумасысың және қарсыласты жақсы білесің. «Ертіс» туралы не білесің?
— Қарсылас бізге жақсы таныс. Өткен жылы да, биыл да оларды зерттеп, талдадық. Команда құрамы өзгерген жоқ деуге болады. Аренада менің достарым мен таныстарым болады, сондықтан жақсы ойын өрнегін көрсетіп, екі матчта да жеңіске жеткіміз келеді.
 
— Сырт алаңдағы қос матчқа дайындық қалай жүрді?
— Кейбір ойыншылар 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы (U-21) ойындарға қатысты, кейбірі бірінші командамен жаттықты. Ал қазір бәріміздің басымыз қайта қосылып, ойынға жоспарымызды құрдық.
 
— Құрамға әрдайым өзгеріс енуі қандай да бір әсерін тигізіп жатыр ма?
— Мүмкін, психологиялық тұрғыдан әсер етіп жатқан шығар. Бірақ, біздің ойнау жүйеміз ұқсас, сондықтан бейімделу жылдам өтеді.
 
— Сырт алаңдағы ойындарға бірініш команда ойыншылары Рустам Мурзагалиев пен Андрей Десятников бірге аттанады. Бұл ұжымға жаңа дем бере ме?
— Әрине. Олардың тәжірибесі мен сенімділігі бүкіл командаға беріледі. Бұл ойыныммызға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.
 
— Бір айда екі ойын өткізетін кездеріңіз болады. Биылғы маусымдағы күнтізбе қалай?
— Негізінде, әрдайым клуб ішіндегі командалардың бірінен екіншісіне жіберетіндіктен, бір айдағы ойындар саны күнтізбемен салыстырғанда көбірек шығады. Ойыншылардык бір бөлігі U-21 ҚР Чемпионатында, тағы бір бөлігі ВТБ Бірыңғай Лигасында бірінші команда сапында ойнайды әрі жаттығады. Алайда команда құрамы ВТБ мачтары кестесі немесе жастардың ойындарына қарай жиі өзгеріске ұшырап тұрады, ол да жалпы процеске әсерін тигізеді.       
 
— Матчтар арасындағы ұзақ үзіліс пайдасын тигізе ме?
— Иә, ол – демалыс, дайындық пен тактикалықжұмыс жүргізуге берілген уақыт. Осындай үзілістердің арқасында ойынды сағынасың, баскетболдан алатын ләззатың да күштірек болады.
 
«Ертіске» қарсы матчтарды біздің сайтымыздан тікелей эфирде көре аласыздар. Ойындар 1 желтоқсанда сағат 15:00-де, 2 желтоқсан күні сағат 17:00-де болады. Кездесулерді тікелей эфирде көріп, «Астанаға» жанкүйер болыңыздар!
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»