Аңдатпа: МБА-МАИ – «Астана»

07.12.2024, 09:00    Оқылғаны: 149
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде мәскеулік команда 11-орында тұр (4 жеңіс, 13 жеңіліс) және олар үшін де 2024/2025 жылдар маусымы сәтті өтіп жатыр деп айту қиын. Қыркүйектің соңынан бері Василий Карасев шәкірттері 4 жеңіске қол жеткізді. Олар «Уралмаш» (85:68), «Автодор» (68:76, 88:81) және, өкінішке қарай, «Астананы» (63:76) жеңді.

Алайда МБА-МАИ жеңіл қарсылас деп қарауға болмайды, мәскеулік ұжым – соңғы ысқырық шалынғанға дейін күресетін команда. Осыдан бірнеше күн бұрын өткен «Пари Нижний Новгородпен» ойында дәл солай болып, мәскеулік ұжым соңғы минутты жеңіліс тапқан (88:89). Қарашада красноярскілік «Енисеймен» (78:76) және пермілік «ПАРМА-мен» (58:63) матчтар осы кездесуге ұқсас болған.

Тәжірибе мен жастықтың үйлесімі

Тәжірибе мен жастықтың үйлесімі – бұл команданы сипаттау үшін осыдан артық теңеу табу мүмкін емес. Артқы сызықта – осы маусымда жоғары ойын деңгейін көрсетіп жүрген Макар Коновалов (орта есеппен 0.9 ұпай), Евгений Воронов (7,6 ұпай) – команда капитаны, Ресей баскетболының нағыз аңыз ойыншысы. Ол паркеттегі өзінің энергиясымен жастарға әр доп үшін күрес жүргізу керектігін көрсетеді. Алдыңғы сызықтағы Андрей Зубков (орта есеппен 16,7 ұпай, 7 рет допты алу) Хави Паскуальдің ойынын еске салады, бәлкім, ол Санкт-Петербургте көбірек ойын уақытын алуға лйық болған шығар. Владислав Трушкин осы маусымда өзінің нәтижелілігімен қуантып жүр, әсіресе доға арқылы соққы жасауда (16.7 ұпай). Соңғы уақытта орталық ойыншы Евгений Минченко паркетте көзге түспей жүр, алайда оның сақина астында жақсы ойнайтынын естен шығармау керек.

Кездесулер тарихы:

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар өзара 7 кездесу өткізген. Алты матчта МБА-МАИ жеңіске жетсе, бір ойын «Астананың» пайдасына шешілген. Астаналықтар 2024 жылдың 20 қаңтарында қарсыласын 80:71 есебімен жеңген.

Неліктен бұл матчты өткізіп алмау керек?

Осы аптаға дейін МАБ-МАИ ВТБ Бірыңғай Лигасында легионерсіз өнер көрсеткен жалғыз команда болған. Алайда «Самара» сапындағы күтпеген өзгерістер команданы шетелдік ойыншыларсыз қалдырды, енді Дражен Анзулович шәкірттері жаңарған құраммен ойнайды (3х3 баскетбол ойыншыларымен). Демек жаңа жылғы қарай турнирлік кестенің төменгі жағындағы командалар арасында шиеленіс арта түседі деген сөз, бұл – біздің командамыз үшін де жақсы мүмкіндік.

Өзінің соңғы матчында «Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасына тағы бір ойыншыны қосты. Шабуылшы Сардал Абашидзе Лигадағы дебюттік матчында 9 минут ойын уақытын алып, 6 ұпай олжалады және 4 рет допты алды. Алдағы ойында да Сардал өзін жақсы көрсете алады деп сенеміз. Әрине, жас ойыншыларымыз – Оразбеков, Исаенко мен Сәрсенғалиевтің прогресін назардан тыс қалдырмаймыз! Оларға тек сәттілік тілейміз! 

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- «МБА-МАИ – жастық пен тәжірибе ерекше үйлесім тапқан мықты команда. Бұған дейін жасаған қателіктерімізді жібермеуіміз керек, ұйымшылдық көрсетіп, лайқыты күрес көрсету үшін ойынға құрған жоспарымызды ұстануымыз қажет.

Аскар Майдекин, «Астана» БК орталық ойыншысы:

- «МБА-мен матчқа дайындықты өткен ойында жіберген қателіктерімізді сараптаудан бастадық. Не болса да, еңсемізді түсірмейміз, жұмыс жалғастыра береміз. Өзіміздің ең жақсы ойынымызды көрсетіп, сырт алаңда жеңіске жетіп, жакнүйерлерімізді қуантуға тырысамыз!

Матч: МБА – Астана
Күні мен уақыты: 8 желтоқсан, 18:00
Өтетін орны: Баскет Холл, Мәскеу
Трансляция: біздің сайтымызда


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»