Зенит – Астана матчына аңдатпа
Чемпиондыққа үміткер
ВТБ Бірыңғай Лигасы 2024/2025 жылдар маусымында «Зенит» сенімді түрде екінші орында келеді (15 жеңіс, 2 жеңіліс). Көш басында – ЦСКА (15 жеңіс, 2 жеңіліс). «Зенит» мәскеулік команданы 7 желтоқсанда өз алаңында 82:78 есебімен жеңіп, ЦСКА-ның 11 ойынға жалғасқан жеңіс сериясын үзген. Команда кеткен есесін қайтарды десек болады. Қазан айында Андреас Пистиолис шәкірттері «Зенитті» 83:77 есебімен жеңген. Хави Паскуаль бастаған команда оған дейін «Локомотив-Кубань» ұжымынан жеңілген, тағы да қазан айында (76:83). ВТБ Бірыңғай Лигасы басқа командаларымен ойынның бәрінде «Зенит» жеңімпаз атанды.
Санкт-Петербург шоқжұлдызы
Паскуаль биыл күміске қанағат қыла ма? Екіталай. ЦСКА-мен ойында командасы 2021/2022 жылдар маусымындағы чемпиондық энергиясын көрсетті. Санкт-петебургтік команданың маусым бел ортасынан асқаннан кейін және плей-офф дәл осындай күресті қайта көрсетуіне мүмкіндігі бар. «Зениттің» құрамы да бұған мүмкіндік береді. Ксавьер Мун ВТБ Бірыңғай Лигасы шеңберінен шығып кетіп жатыр, оның өткен матчтағы тиімділігі 24 болды, ал жалпы орта есеппен осы маусымда ол 14.4 ұпай еншілеп үлгерген. Жақында ғана Ливан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен Омари Спеллман (командасына Азия Кубогына шығуға көмектесті) биылғы маусымда тұрақты ойын өрнегін көрсетіп жүр – 11.0 ұпай, 5.5 рет допты алу). Еуропадағы бірнеше маусымнан кейін Санкт-Петербургке қайта оралған Алекс Пойтресс (4.4 рет допты алу) – сақина астындағы ойында оңай қарсылас емес, команданың ардагер ойыншылары Георгий Жбанов пен Винс Хантер (оның алдағы матчқа қатысуы екіталай, ол ЦСКА-мен матчта жарақат алды) де қорғаныста қиындық туғызуы мүмкін. Ал Ресей баскетболының аңыз ойыншылары Сергей Карасев пен Андрей Воронцевич – кез келген қарсыласқа қауіп төндіре алатын баскетболшылар.
Неліктен бұл матчты өткізіп алмау керек?
Көшбасшы командалардың ойнын жіберіп алмау керек және үздік төрттіктегі кез келген клубпен матч – жаңа нәрсе үйренуге берілген мүмкіндік.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар 20 рет кездескен. 15 ойында «Зенит» жеңіске жетсе, бес матчты «Астана» өз пайдасына шешті. Соңғы рет астаналық команда Санкт-Петербург қаласы ұжымын 2021 жылдың 4 қазанында 83:69 есебімен жеңді.
Руслан Айтқали, «Астана» БК шабуылшысы:
«Зенит» — ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты көшбасшыларының бірі. Алайда біз әр ойында күрес жүргізуге дайынбыз. Барымызды салып, жақсы, қызықты баскетбол көрсетуге тырысамыз. Әр матчқа дайындығымыз жоғары. Команда қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр, әрине, біз мұндай шақта бір-бірімізге қолдау көрсетіп жүруге тырысамыз».
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
«Келесі қарсыласымыз мықты. Ұйымшылдықты арттыру керек, кездесу бойы тұрақты ойнауға тырысып, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыруымыз керек».
Матч: «Зенит» – «Астана»
Күні мен уақыты: 11 желтоқсан, 21:30
Өтетін орны: Санкт-Петербург, «Арена» СКК
Трансляция: клуб сайтында, ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында