Павлодардағы табысты серия

03.12.2024, 14:00    Оқылғаны: 47
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ұлттық Лиганың тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Ертіске» қарсы өткізген екі матчтың екеуінде де сенімді жеңіске қол жеткізді. Алғашқы ойын 66:89 есебімен астаналық команданың пайдасына шешілді. Ал екінші матчта елордалық клуб есепте үлкен басымдыққа ие болмағанымен, көшбасшы рөлін сақтап қала алды. Бас бапкер Михаил Лоншаков, капитан Рустам Мурзагалиев пен шабуылшы Илья Пестов қос кездесуге қорытынды жасады.

 Михаил Лоншаков – бас бапкер: 

«Бірінші кездесудің бел ортасына дейін матч тең дәржеде өтті. Үзілістен кейін шабуылда қарқынды ойнай бастадық, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асырдық. Бастысы – тас қамал қорғанысымыз шабуылға дем берді: қарсыластың ойыншыларына, көшбасшыларына қарсы тұра білдік. Ойынның екінші жартысында допты алуда жеңімпаз атандық, бұл шабуылға жақсы әсерін берді. Бізге тәжірибелі ойыншылар – Мурзагалиев пен Десятников қосылды. Олар өз шеберліктерін көрсетті. Бірінші ойында өз ұпайларын еншілеп, алаңда көшбасшы болды: Андрей сақина астында, Рустам Мурзагалиев бірінші нөмірлі позициясынан команданы басқарып тұрды.
Екінші матчты жақсы бастадық. Қарсылас екінші ширекте өзгеше ойын өрнегін көрсете бастады, қорғанысын күшейте түсті. Ал біз болсақ, шабуылдағы өз соққыларымызды жүзеге асырмадық. Үшінші он минуттықта да қарсыластың үш ұпайлық соққыларды жасауына мүмкіндік беріп қойдық. Олардың соққы жасаудағы көрсеткіші де жоғары болды. Ал біз шабуыл ұйымдастырамыз, ойыншылардың үш ұпайлық соққы жасауына жағдай жасап береміз, алайда жүзеге асыра алмаймыз. Андрей Десятниковтің сақина асытндағы ойынының арқасында ғана кездесудегі басымдығымызды сақтап қала алдық. Төртінші шиекте қарсылас есепте қуып жетті, тіпті алға да шықты. Алайда шабуылдағы үйреншікті сызбалар мен жақсы қорғаныстың арқасында есепте тағы көш бастап, жеңіске жеттік. Мурзагалиев пен Десятников команданы алға сүйреп, екі жеңіске қол жеткізуімізге көмектесті».

Рустам Мурзагалиев – шабуылдаушы қорғаушы:

«Ойындар қызықты өтті, әсіресе екінші матчты ерекше атап өтер едім. «Ертіс» ойыншылары бірінші матчта да, екінші ойында да соңына дейін күресті. Қазір команда құрамы жаңартылды, жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Сондықтан бұл ойындар оларға пайдасын береді деп ойлаймын. Екінші кездесуде өзіміз босаңсып, қарсыласты лайықты деңгейде бағаламадық, соның салдарынан қиындықтар болды. Алда мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Ең алдымен, бұл матчтар негізгі команда мүшелерінің ойын тонусын сақтап қалуына көмектесті»
.

Илья Пестов – шабуылшы:

«Сырт алаңдағы бұл матчтар сериясында негізгі команданың 3 ойыншысы қатарымызға қосылды. Өкінішке қарай, бұл ойындарға толыққанды дайындала алмадық, дегенмен жеңіске жету қолымыздан келді. Бірінші матчтың алғашқы жартысында күрес жүргіздік, ал екіншісінде қарсыласты сенімді түрде жеңдік. Екінші ойын қиын болды, есептегі айырмашылық та үлкен болған жоқ. Қорғаныста қателестік, соққы жасауда дәлдік танытпадық. Алайда ойынның шешуші сәтінде өзімізді қолға алып, матчты өз пйадамызға жаздық».

Енді команда сырт алаңда тағы 4 матч өткізеді. «Астана» Алматыда 10-11 желтоқсан күндері Ұлттық Лига чемпионы «Ирбиспен», 14-15 желтоқсанда «Алматинский Легион» командаларына қарсы ойнайды.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»