Күреске толы кездесуде «Уралмашқа» есе жібердік
Матч қиын басталды
Екатеринбургтік команда ойын басталғаннан басымдықты өз қолына алып, бірінші ширекте өзі үшін ыңғайлы есеп айырмасын жасап алды. Он екі ұпайлық айырмашылықты қысқартуды алаң иелері Владислав Исаенконың үш ұпайлық соққысымен бастады, сонымен қатар жағдайды реттеуге Асқар Майдекин көмектесті. Ол өз есебіне блокшот пен бірнеше айып соққысын жазып үлгерді. Бірінші ширектен кейінгі есеп – 22:7. «Уралмаш» пайдасына.
Тең ойын
Екінші он минуттықта Глеб Плотников шәкірттері тең ойын өрнегін көрсетті, Тағы да Майдекиннің ойыны оң әсерін берді, орталық ойыншы дәлдік танытты, Оразбековтің қиын пастар қабылдай білді. Сонымен қатар, шабуылда Исаенко мен Походяевтің дәл соққылары бағалы болды, ал Руслан Айтқалидің Галин Смитке берген пасы ВТБ Бірыңғай Лигасы ойын аптасының үздік сәттерінің бірі атануы керек. Өйткені, бұл шабуылдың нүктесін америкалық шабуылшы керемет данкпен қойды. Екінші ширек аяқталды. Есеп – 43:27.
Күрес жүргізуді тоқтатпаймыз
Үшінші ширек бойы күрес жүргіздік. Басты мақсат – екатеринбургтік команда ойын басында жасаған есеп айырмасын қысқарту болды. Бұл жолда Данила Походяев пен Руслан Айтқали командаға бірнеше рет көмектесті, Александр Оразбеков қорғаныста мінсіз ойнады. Ойындағы бір сәтті міндетті түрде қайта қарау керек: Оразбеков жылдам ойын кезінде құлап бара жатып допты Владислав Исаенкоға беріп үлгерді, ал ол болса сақина астынан соққы жасауда мүлт кетпеді. Сонымен қатар, Галин Смит кезең соңына қарай өзіне тән блокшотты жасады, ол шабуылда Джеремайя Мартинге тосқауыл болды. Осы әрекеттердің бәрі «Астананы» біртіндеп ойынға қайтарды. Қорытынды кезең алдында таблодағы көрсеткіш 47:65 болды.
Төртінші ширек…
Төртінші ширек айқын көшбасшыны анықтауға мүмкіндік бермеді. Ойынның қорытынды бөлігі «Астана» үшін белсенді басталды: Владислав Исаенконың пасынан кейін Андрей Десятников керемет соққы жасады. Бірнеше сәтті ұйымдастырылған шабуыл қарсыласты есепте қуып жетуге болатындай үміт отын жақты. «Астана» есеп айырмасын 12 ұпайға дейін қысқартты, ал кездесу соңында екатеринбургтік команда тағы бірнеше соққыны сәтті жүзеге асырды. «Уралмаш» матчты өз пайдасына шешті, ал «Астана» Утоми, Мурзагалиев, Сәрсенғалиев пен Мотовиловтың жоқтығына қарамастан, қарсыласқа қарсы жақсы ойын өрнегін көрсете білді.
«Астана» — «Уралмаш»: 7:22, 20:21, 22:23, 13:14
«Астана»: Асқар Майдекин (14 ұпай, 3 рет допты алу), Владислав Исаенко (10 ұпай, 4 пас), Данила Походяев (10 ұпай, 11 рет допты алу).
«Уралмаш»: Джеремайя Мартин (19 ұпай, 4 рет допты алу), Евгений Белянков (13 ұпай), Игорь Новиков (11 ұпай)
Глеб Плотников, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Ойында жақсы сәттер болды. Бүгін жақсы пастар жасалды, статистика да осыны көрсетіп тұр – 21 пас әрі қорғаныста жеңіске жетті. Дәлдік көрсеткіші төмен, әсіресе екі ұпайлық соққыларды жасауда. Шынын айтқанда, бүгінгі ойынға көңілім толды, себебі жігіттер командалық рухты көрсетті, берілген жоқ, ойынға берілген тапсырманы орындады. Кей тұстарда шеберлік жетіспеген болар, алайда бүгінгі матчты жақсы өткізілген ойындар қатарына қосуға болады.
Ростислав Вергун, «Уралмаш» БК бас бапкері:
- Әрине, жеңістер әрдайым жағымды эмоция сыйлайды және әр ойынның өз тарихы бар. Оның оң нәтижемен аяқталғаны жақсы. Матчқа дайын болған барлық баскетболшыға мүмкіндік беру қолымыздан келгеніне қуаныштымын. 40 минут бойы кездесуді өз бақылауымызда ұстадық және лайықты жеңіске қол жеткіздік. Қарсыласымызға сәттілік тілеймін. Григорий Мотовилов пен Старкстың құрамға қайта оралуымен команда тек мықтырақ бола түсетініне, және осындай қиын кезеңдерден кейін жақсы, жеңісті күндер туатынына сенімдімін.