«Астана» жылды «Енисейге» қарсы матчпен түйіндеді

26.12.2024, 10:00    Оқылғаны: 224
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кездесу қос команданың алма-кезек шабуылымен және дәл соққыларымен басталды. Матч есебін шабуылшымыз Дэниэл Утоми ашса, әрі қарай бұған қарсылас жылдам жауап беріп үлгерді. Одан соң капитанымыз Рустам Мурзагалиев дәл соққысымен көзге түссе, Виктор Сэндерс қайтадан таразы басын теңестірді. Бірінші кезеңнің он минуты дәл осылай өтті. Кезең ортасында «Астана» 5 ұпай айырмашылығымен алда болған, алайда ширек соңына таман алаң иелері басымдықты өз қолдарына алып, 24:20 есебімен алға шықты.

Екінші ширекте красноярскілік команда алыс қашықтықтан жасаған соққыларымен көзге түсті, «Енисейдің» шабуылдағы осы және өзге де әрекеттері есепте алға шығуына мүмкіндік берді (18:4). Алайда біраздан соң Андрей Десятников «Астананың» әлі де ойында екенін көрсетті. Галин Смит қорғаныста жақсы көмектессе, Григорий Мотовилов қарсыласты алдап өтуден қорықпады, Дэниэл Утоми бірнеше алыстан дәл соққы жасады. Осының бәрінің арқасында Глеб Плотников шәкірттері ойынның бірінші жартысында қарсыластың есепте алға озып кетуіне мүмкіндік бермеді – 47:32. Алаң иелері алда.

Ойынның үшінші бөлігін Дэниэл Утоми мен Виктор Сэндерстің теке-тіресі болды деп айтуға болады. Утоми матчты 23 ұпаймен аяқтады. Үшұпайлық 8 соққы жасайтын мүмкіндігінің алтауын жүзеге асырды әрі нәтижелілік бойынша қарсыласты басып озды (Сэндерсте 22 ұпай). Осы ширекте Рустам Мурзагалиев пен Григорий Мотовилов ерекше көзге түсті. Дегенмен, «Енисей» допты жылдамырақ қозғалтып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда дәлірек болды. Допты алудағы мәселелер (22:28 – қарсылас пайдасына) толыққанды камбэк жасауға жол бермеді. Үшінші ширек 70:49 есебімен аяқталды.

Матчтың қорытынды кезеңінде жанкүйерлер тағы үшұпайлық соққылар арқылы өткен теке-тіреске куі болды: Утоми мен Герасимов соққылармен алмасты.  Алайда «Енисей» тағы да есепте алға шықты – 12:5. Тайм-ауттан кейін «Астана» қорғаныстағы ойынын күшейтті, аймақ бойынша жасалған прессинг нәтиже бере бастады. Әсіресе Руслан Айтқали мен шабуылдардың бірін керемет данкпен аяқтаған Асқар Майдекин өздерін ерекше көрсетті. Матч соңына қарай қарқынды күшейткенімізбен, бұл жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды.

«Енисей» — «Астана» 90:73 (24:20, 23:12, 23:17, 20:24)

«Астана»: Даниэл Утоми (23 ұпай), Рустам Мурзагалиев (12 ұпай), Григорий Мотовилов (11 ұпай).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Красноярскілік команданы жеңіспен құттықтаймын. Жоғары дәлдік көрсеткішін көрсетті, әсіресе алыс қашықтықтан. Қателіктеріміз үшін бізді жазалады. Бірінші ширекте жақсы өнер көрсеттік, алайда әрі қарай нашар ойнадық. Төртінші ширекте қарсыласты қуып жете алдық. Матч бойы бірінші он минуттағыдай ойын өрнегін көрсетуіміз керек. Бірақ, өкінішке қарай, оған әзірге күшіміз жетер емес».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»