Астаналық команда алғашқы ширекті Рустам Мурзагалиевтің дәл соққыларымен бастағанына қарамастан, толық басымдыққа ие бола алмады. Қарсылас жылдамырақ болғандай көрінді, шабуылдары да жақсырақ жүріп жатты. Оған қоса, Глеб Голдыревтің (4/4, 7 минут ішінде 12 ұпай) үш ұпайлық соққылары командамызға қиындық тудырды. Оның арқасында «Самара» 10-0 айырмашылығымен алға шықты. Алайда ширектің соңына оп-оңай қарсыласқа беріп қою Глеб Плотников шәкірттерінің ойында болған жоқ. Алаң иелері жылдамдықты арттырып, есептегі айырманы қысқарта алды (7-0). Мотовиловтың сақина астына қарай өтуі, Дэниэл Утомидің слэмі және Мурзагалиевтің кезең соңына ысқырықпен қатар жасаған дәл соққысы жақсы жұмыс істеді. 26:14 – «Самара» алда.
Екінші кезеңде «Астана» алғашқы он минуттықтың соңында көрсеткен ойын қарқынын сақтап қала алды. Шабуылдарды нәтижелі аяқталды, ал «Самара» біртіндеп басымдықтан айырыла бастады. Утоми алаңның орталық бөлігінен дәл соққылар жасады, Смит болса әр допты алу үшін барын салып күресті, құрамдағы өзге ойыншылар команда қоржынына маңызды ұпайларды салып отырды. Ал кезеңнің соңына ерекше назар аудару керек. Вадим Щербак керемет баззердің авторы атанды. 40:39. «Астана» есепте көш бастады.
Үшінші ширекте нағыз баскетболға тән есепті көрді. Алдымен «Самара» бес ұпаймен айырамышылығымен көш бастады, одан соң басымдық тағы да астаналық баскетболшыларда болды. Ширектің бел ортасында Глеб Голдырев тағы да үш ұпайлық соққы жасады. Алайда бұл «Астана» шабуылына кедергі келтірген жоқ. Григорий Мотовилов қарсыластың қорғанысын сенімді бұзып өтіп, Даниал Походяевқа матчтағы 8 пасын берді. Ол болса, мүлт кетпей, есеп айырмасын 1 ұпайға дейін қысқартты. Кезең соңында Григорий Мотовилов тағы да жеке шеберлігімен көзге түсті.
Қорытынды кезең де Глеб Плотников шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бұл ширекте Руслан Айтқали нәтижелі ойын өрнегін көрсетті, доға сыртынан дәл соққылар жасап Андрей Десятниковке керемет аллей-уп жасады.Сондай-ақ, Вадим Щербакқа бірнеше нәтижелі пас беріп, ол да командаға бірнеше ұпай әкелді. Кездесудегі соңғы нүктені алыстан дәл соққы жасаған Дэниэл Утоми қойып, есепті 71:56 етті. Осымен кездесудегі барлық сұрақтың жауабы табылды.
«Астана» – Самара: 75:67 (16:24, 24:15, 17:15, 18:13)
«Астана»: Григорий Мотовилов (23 ұпай + 8 пас + 5 рет допты алу), Дэниэл Утоми (13 ұпай + 8 рет допты алу), Рустам Мурзагалиев (11 ұпай), Данила Походяев (7 ұпай + 5 рет допты алу), Вадим Щербак (6 ұпай + 4 рет допты алу), Андрей Десятников (6 ұпай + 4 рет допты алу).
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Ең алдымен, әрдайым бізді қолдап, бізге сенім артатын жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. Бүгін біз олардың қолдауын ерекше сезіндік. Екіншіден, ойыншыларымды құттықтаймын, Гриша айтқандай, олар бүгін ойынға құрған жоспарды орындады. Баспасөз мәслихаттарында қателікке аз жол беріп, ұйымдасқан ойын өрнегін көрсету керектігін үнемі айтамын. Бүгін команда сол – ұйымдасқан командалық ойын өрнегін көрсетті. Иә, бірінші ширек сәл сәтсіздеу болғанымен, басты нәтиже – жеңіс. Сондай-ақ, қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан «Самара» баскетбол клубына қолдау көрсеткім келеді, барлығы өз орнына келеді деп сенеміз.
Григорий Мотовилов, «Астана» БК ойыншысы:
- Ойын керемет өтті. Жеңіске жету әрдайым жақсы әсер сыйлайды. Бүгін шабуылда ұйымшылдық таныттық, бапкерлердің барлық тапсырмасын орындадық. Бар болғаны 12 қателікке жол бердік, біз үшін бұл – жақсы нәтиже. Бапкер бұған дейінгі ойындарда көп қателік жібермеуіміз керектігін айтатын, алайда әр кез бір нәрсе кедергі болған. Ұстамды ойын өрнегін көрсеттік, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Командада прогресс, бүгін нәтижеі заңды деп ойлаймын.
Владислав Коновалов, «Самара» БК бас бапкері:
- Біріншіден, «Астананы» жеңіске жетуімен құттықтаймын. Бұл олардың чемпионатқа қайта оралғанынан хабар береді. Жарақат алған ойыншылардың құрамға оралып, қайта бейімделгенін көрсетеді. «Пари Нижний Новгородпен» және «Енисеймен» өткізген соңғы матчтары барлығын сөзсіз дәлелдейді. Алғашқы ширекте ойынды бақылауда ұстадық, қорғаныста берілген тапсырмаларды орындауға тырыстық. «Астана» қорғаныста жақсы ойнады дей алмаймын, біз өзіміздің соққыларымызды жүзеге асырмадық және Григорий Мотовилов өте жақсы ойнады. Қорғаныста Григорийге кедергі келтіруге тырысып, оған көп мән бердік, алайда жоспар толық жүзеге аспады.