Аңдатпа: Өз алаңымызда «Барсы Атырау» командасын қабылдаймыз

02.02.2025, 10:00    Оқылғаны: 110
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
2-3 ақпанда «Астана» Қазақстан Ұлттық Лигасы кезекті туры аясында өз алаңында «Барсы Атырау» командасын қабылдайды. Серияның алғашқы ойыны сағат 15:00-де, ал екіншісі дүйсенбі күні сағат 17:00-де басталады. Бұл – алаң иелерінің ақпан айында Астанада өткізетін соңғы матчтары, себебі «Ақтөбе» тұрақты чемпионаттан шығатынын мәлімдеді. Соның арқасында астаналық ұжым екі техникалық жеңіс жазылды.  
 
Кездесулер тарихы

Астаналық және атыраулық ұжымдар өзара 64 рет кездескен. 55 ойында елордалық команда «Атырауды» жеңген екен. Соңғы рет «Астана» атыраулық қарсыласын 2024 жылдың 17 қыркүйегінде 69:54 есебімен ұтты. Елордалық ұжым 2019 жылдың 6 ақпанында қарсыласын 55 ұпай айырмашылығымен жеңген. Ол кезде кездесу 109:65 есебімен аяқталған.
 
Команда көшбасшылары

«Астана» әр матч сайын қарсыластарын ойынға арналған құрамымен таңғалдырады, алайда әр кездесуде орта есеппен 11 ұпай еншілейтін Әмірәли Сүлейменов команданың көшбасшысы болып қала беріп отыр. Екі ұпайлық соққыларды орындау бойынша көрсеткіште көш басында Сардал Абашидзе (57%). Ал Захар Медовской үш ұпайлық соққыларды орындаудың шебері. Ол үш ұпайлық соққыларды орындау бойынша мүмкіндіктерінің жартысын сәтті жүзеге асырады. «Атырау» сапында бұл көрсеткіштер бойынша Аамер Мухаммад, Рамзан Самсин мен Абат Марат үздік.
 
«Астана» бас бапкері Михаил Лоншаков пен команда капитаны Мағжан Сәрсенғалиев алдағы «Атыраумен» матчтар сериясы туралы ойларымен бөлісті.
 
Михаил Лоншаков, «Астана» БК бас бапкері:
 
«Барсы Атырау» — жас та болса, тәжірибелі қарсылас. Команда қорғаныстан шабуылға жақсы көше алады, барлық позицияларда жақсы ойыншылармен жасақталған ұжым. Сондай-ақ, құрамдарында өте жақсы легионерлер бар. Ауыр шабуылшы қарсылас алдап өте алады, соққы да жасауға қабілетті. «Барсы» — жастарды жақсы тәрбиелейтін клуб, олар Қазақстанның жастар чемпионатында және Еуропаның жасөспірімдер Лигасында өнер көрсетеді. Жастары жақсы ойын тәжірибесін алады. Ал алдағы серияғы біздің дайындығымыз штаттық режимде өтті. Барлық ойыншылар құрамда, жарақат алғандар жоқ. Жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деп сенеміз. Жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырамыз!
 
Мағжан Сәрсенғалиев, «Астана» БК ойыншысы:
 
«Барсы» да біз сияқты жас команда. Олар өте жылдам жүгіреді, сондықтан біз осыған төтеп бере алуымыз керек. Бастысы – бапкерлердің ойынға берген тапсырмасын орындау. Жарақатымнан толық айықтым, барлығы жақсы. Командадағы атмосфера керемет. Матчтарға өте жақсы дайындалдық, қарқынды жаттығу жүргіздік, қарсыластың ойынын талдадық. Алаңның әр сантиметрінде күрес жүргізіп, жеңіске жету үшін барымызды салуға дайынбыз.
 
«Астана» келесі ойынын наурызда өткізеді, қарсылас тағы да – «Атырау». Алайда бұл кездесулер сырт алаңда өтеді. Жанкүйерлерді Қазақстан Ұлттық Лигасының ақпан айындағы ойындарында командаға қолдау көрсетуге шақырамыз. 2 ақпан күні сағат 15:00-де, 3 ақпанда сағат 17:00-де сіздерді Академия залында күтеміз. Академия залының мекен-жайы – Тәуелсіздік даңғылы, 30. Билеттерді sxodim.com сайтынан сатып алуға болады.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»