Соңына дейін күрескенімізбен, қарсыласқа есе жібердік

02.02.2025, 10:30    Оқылғаны: 51
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
МБА-МАИ-ге қарсы матчты командамыз бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келіп бастады. Мәскеулік команда басымдыққа жылдам иелік етіп, 16:0 есебімен алға кетті. Астаналық команда алғашқы нәтижелі соққысын ширектің алтыншы минутында жасады. Үш ұпайлық соққыны жасаған Данила Походяев. Осы сәт командаға серпін беріп, Андрей Десятников сақинаның жоғары жағынан соққы жасаса, Григорий Мотовилов сақина астына қарай шеберлікпен өте білді, ал Дэниэл Утоми ширек соңында команда қоржынына тағы үш ұпай салды. Бірінші он минуттық қорытындысы – 13:23.

Ойынның екінші бөлігінде жағдай өзгерген жоқ. МБА-МАИ қысым көрсетуді жалғастырды, қорғанысын өз бақылауында ұстады және біртіндеп есептегі айырманы ұлғайта түсті. Дегенмен, «Астана» өз жанкүйерлеріне Вадим Щербактың және Андрей Десятниковтің путбэгінің арқасында жарқын сәттер сыйлай білді. Осылайша, командалар 23:42 есебімен үлкен үзіліске аттанды.

Командамыз үшінші ширекті сәтті өткізді. Алаң иелері шабуылдағы қарқынын үдетіп, кезеңді 24:20 есебімен өз пайдасына жазды. Дэниэл Утоми мен Рустам Мурзагалиев шабуылдағы басты ойыншылар атанып, кездесудің қорытынды бөлігі алдында есеп айырмасы қысқарды – 47:62.

Төртінші он минуттықта «Астана» ойынға қайта оралуға тырысып көрді. Ширектің төртінші минутына таман астаналық баскетболшылар есеп айырмасын жеті ұпайға дейін қысқартқан, алайда осыдан кейін МБА-МАИ нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Баскетболшыларымыз барын салғанымен, таблодағы көрсеткішті теңестіру қолымыздан келген жоқ. Қорытынды есеп – 61:87.

 «Астана» – МБА-МАИ – 61:87 (13:23, 10:19, 24:20, 14:25)

Кездесу көшбасшылары: Григорий Мотовилов (14 ұпай, 8 пас), Дэниэл Утоми (13 ұпай, 4 рет допты алу), Рустам Мурзагалиев (10 ұпай, 5 рет допты алу), Данила Походяев (10 ұпай, 4 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

Біріншіден, ойындарға бүгінгідей дайындықпен шығуға құқымыз жоқ. Бүгін команда мінез көрсеткен жоқ. Қарсылас ойлағанының бәрін жүзеге асырды, оған өзіміз мүмкіндік беріп қойдық. Екіншіден, қарсылас көрсеткен қысымға төтеп бере алмадық, қобалжи бастадық. 18 қателік, қорғаныста нашар ойнадық. Үшінші ширекте команда мүлдем өзгеше ойын өрнегін көрсетті. Қарсыласты есепте қуып жеткенде, бір шешім кездесу тағдырын өзгертті. Бірден қарсылас үш ұпайлық соққы жасады, осымен барлығын шешілді. Қорытынды жасап, жұмысты жалғастырамыз.

Команда келесі ойынын 6 ақпанда Екатеринбургте «Уралмашқа» қарсы өткізеді. Жанкүйерлерге қолдау үшін рақмет!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»