«Зенит» – «Астана» матчына аңдатпа

28.02.2025, 18:00    Оқылғаны: 145
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Равенство

Қазіргі таңда «Зенит» ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Санкт-петербургтік ұжым 27 жеңіске қол жеткізіп, тек 5 ойында қарсыластарына есе жіберген. ЦСКА-ның да көрсеткіші дәл осындай, ал бұл чемпионаттың қалған бөлігінде турнирлік кестедегі көшбасшылық үшін таластың қызу болатынын көрсетеді. Одан бөлек, «Зенит» турнирдің үшінші кезеңі алдында қатарынан 8 ойында жеңіске жеткен. Команда «УНИКС-ті» (92:83), «Парманы» (58:74), «Енисейді» (83:76), ЦСКА-ны (66:79), МБА-МАИ-ді (73:50), «Самараны» (106:73), «Автодорды» (60:79) және «Пари Нижний Новгородты» (94:79) жеңді.

Паскуальдің құпия «қаруы» бола ала ма?

2024/2025 жылдар маусымының қыстағы ең басты жаңалықтарының бірі – аңызға айналған ресейлік ойыншы Алексей Шведтің Қытайдан Ресейге қайта оралуы. Бұған дейін Алексей өнер көрсеткен қытайлық «Шанси Лунгс» клубы шабуылдаушы қорғаушыны команда құрамынан шығарып тастаған. Сәлден соң «Шанси» бапкері өзге ойыншыға басымдық беріп, Шведке осы маусымда ойнауға мүмкіндік бермегені белгілі болды (2023/2024 жылдар маусымында СВА чемпионатында Алексей келесідей нәтиже тіркеген: 15.9 ұпай, 9.1 пас және 5.8 рет допты алу).  
Баскетболшы Ресейге келгеннен кейін, Шведтің қай клубты таңдайтынына қатысты сан түрлі ақпарат болған. 18 қаңтарда оның Санкт-Петербургтің «Зенитімен» келісімшартқа қол қойғаны туралы белгілі болды. Алексей 5 ойын өткізіп үлгерді, осы матчтарда ол 10.2 ұпай мен 4.6 пасты өз есебіне жазды. «Зенит» құрамында ол жарақат алып қалған қорғаушы Ксавьер Мун (16.3 ұпай, 4.3 рет допты алу, 3.7 пас) алмастырады деген болжам бар.

Екінші мүмкіндік

«Зенит» құрамында өзге де өзгерістер орын алғанын айта кету керек. Жалға алуға құқығымен командадан Игорь Вольхин («Пари НН»), ливандық шабуылшы Омари Спэллман (ВТБ Бірыңғай Лигасының жылдамдығына бейімделу қиынға соққан деген ақпарат бар) кетті. Алайда командамен жаңа келісімшартқа қол қойғандар да бар, чемпионатқа америкалық шабуылшы Окаро Кайт (203 см) қайта оралды. Ол бұрын «Локомотив-Кубань» командасында өнер көрсетті (2023/2024 жылдар маусымында 15.3 ұпай жинап, 6.0 рет допты алған).

Азия Кубогы

Қазақстандағы баскетбол жаңалықтарына тоқталсақ, осыдан бірнеше күн бұрын ұлттық құрама 2025 жылғы Азия Кубогына іріктеу турниріне қатысты. Тигран Гекчан шәкірттері Қатар және Иран құрамаларына қарсы ойнап, өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліс тапты. Іріктеу барысында ұлттық құрама сапында біздің командамыздан Рустам Мурзагалиев, Асқар Майдекин, Руслан Айтқали мен Вадим Щербак өнер көрсетті.

Кездесулер тарихы:

ВТБ Бірыңғай Лигасында командалар өзара 21 кездесу өткізіп, оның 16-сында «Зенит» жеңіске жетсе, бесеуі «Астананың» пайдасына шешілген. Соңғы рет «Астана» санкт-петербургтік комаданы 2021 жылдың 4 қазанында 69:83 есебімен жеңген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Ұзақ үзілістен кейін «Зенитпен» өтетін матчты асыға күтіп жатырмыз. Алдағы кездесуде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, чемпионат көшбасшыларының бірімен тең деңгейде ойнау үшін барымызды саламыз».

Матч: «Зенит» — «Астана»
Күні мен уақыты: 1 наурыз, 16:00
Өтетін орны: Санкт-Петербург, «Арена» МСК
Трансляция: клуб сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»