Чемпионат көшбасшысымен ойынмен лайықты ойын өрнегін көрсеттік

02.03.2025, 13:00    Оқылғаны: 27
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Матч жақсы қарқынмен басталды. ВТБ Бірыңғай Лигасындағы үзілістің астаналық командаға пайдасын тигізгені байқалып тұрды. Санкт-петербургтік командаға қарсы өткізген соңғы матчпен салыстырғанда (96:59), бұл жолы «Астана» алғашқы минуттардан бастап Хави Паскуаль шәкірттеріне қиындық туғызды. Ти Джей Старкс араға ұзақ уақыт салып, жарақатынан толық айығып, алаңға қайта оралды.

Ойын есебін орталық алаңнан дәл соққы жасаған Дэниэл Утоми ашты, артынша алаңға Галин Смит шығып, 5:0 есебімен алға кетті. Ал Рустам Мурзагалиевтің үш ұпайлық соққысы 17:12 есебімен алға шығуға мүмкіндік берді. Астаналықтар осы қарқынын жоғалтпай, ширекті өз есебіне жазды -17:19.

Екінші он минуттық командамыз әлдеқайда қиын өтті (17:12). Кезең басында Руслан Айтқали көзге түскенімен, алаң иелері екі рет есепте алға озды – 8:2 және 15:5. Дегенмен, Глеб Плотников шәкірттері қарсыластың үлкен айырмашылықпен көш бастауына жол бермеді. Мурзагалиев пен Старкс әріптестеріне жақсы пас беріп, Мотовилов өзін сақина астына өтуде жақсы көрсетті. Сондай-ақ, бүгін Андрей Десятников сақина алдындағы үш секундтық аймақта теңдессіз ойын өрнегімен көзге түсті.

Үзілістен кейін «Астана» қарсыласпен тең деңгейде ойнауды жалғастырды. Данила Походяевекі бірдей үш ұпайлық соққы орындады. Андрей Десятников төртінші данкін тіркеді. Алайда «Зенит» есепте көшбасшы болып қала берді.

Төрт ширекте де команда ұйымдасқан ойын өрнегін көрсетіп, нәтижелі ойнады. Төртінші ширек те осы қатарда. Алайда «Зенитке» қарсы матчта жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз болды.

«Зенит» — «Астана»  86:63 (17:19, 28:15, 21:14, 20:15)

Зенит: Дуэйн Бэйкон (17 ұпай, 6 рет допты алу),Трент Фрейзер (14 ұпай + 5 пас), Сергей Карасев (11 ұпай, 4 рет допты алу).
Астана: Григорий Мотовилов (12 ұпай), Галин Смит (12 ұпай), Андрей Десятников (10 ұпай, 8 рет допты алу).
 
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Біріншіден, ұзақ үзілістен кейін ойнағанымыз үшін қуаныштымыз. Бәріміз де ойынды сағынып қалдық. Екіншіден, бапкер ретінде командамның тек 6 қателікке жол бергені қуантып отыр. Екі ұпайлық соққылар көрсеткіші де жаттықтырушы ретінде көңілімнен шықты, алайда бізге алыстан дәл соққылар жасау керек. Бүгін біз сенім артқан ойыншылар дәл соққыларымен көзге түскен жоқ. Жалпы, бұл ойынды өз есебімізге жазуымызға болады. Қорытынды шығарып, ең жақсы сәттерді түртіп аламыз.

Андрей Десятников, «Астана» БК орталық ойыншысы:

- Кей сәттерде өте жақсы ойын өрнегін көрсеттік, алайда «Зенит» ұсынған қарқынды сақтап қала алмадық. Оған қоса, үш ұпайлық соққыларды орындау көрсеткішіміз нәтижеге тікелей әсер етті – 21%.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»