Алда – Қостанай!

19.04.2025, 12:00    Оқылғаны: 30
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Сырт алаңда «Барсы Атырау» командасын екі рет сенімді түрде жеңген «Астана» плей-оффтағы жарыс жолын жалғастырады. Бұл жолы командамыз Қостанайға аттанып, 19-20 сәуірде Қазақстан Ұлттық Лигасы плей-оффының ½ кезеңін бастайды. Қарсылас – «Тобыл». Екі ойын да сағат 17:00-де басталады.

Жартылай финалдық серия командалардың бірі үш жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасады. Үшінші ойын 23 сәуірде Астанада өтеді. Матч сағат 20:00-де басталады.

Кездесулер тарихы

Елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы теке-тірес – Қазақстан Ұлттық Лигасы тарихындағы ең ұзаққа жалғасып келе жатқан және көпшілікке жақсы таныс бәсекелестік. Он жылдан астам уақыт бойы екі ұжым тұрақты түрде бір-біріне қарсы ойнап келеді және олардың әр ойыны отандық баскетбол тарихындағы жаңа парақ деуге болады.

Бүгінгі күнге дейін командалар өзара 49 кездесу өткізген. Оның 42-сінде «Астана» жеңіске жеткен. Клубтар арасындағы соңғы ойын 2024 жылдың 13 қыркүйегінде өтіп, онда астаналық ұжым 112:72 есебімен жеңіске жетті. Ал 2021 жылдың 13 желтоқсанында өткен ойында «Астана» +63 ұпай айырмашылығымен матчты өз пайдасына шешкен – 112:49.

Плей-офф:

Баскетболдан Ұлттық Лига плей-офф кезеңдері аясында «Астана» мен «Тобыл» өзара алты кездесу өткізген және оның барлығында елордалық ұжым жеңіске жеткен.

Командалардың көшбасшы ойыншылары:

«Астана» БК:

Мағжан Сәрсенғалиев — 15.75 ұпай, 5.5 пас, 24:45 ойын уақыты
Сардал Абашидзе — допты алу бойыншы көшбасшы (5.5) және ең тиімді ойыншылардың бірі (14.5).
Әмірәли Сүлейменов — айып соққылары орындау (93.33%) пен допты тартып алу (2.5) бойынша үздік ойыншы.
Захар Медовской – үш ұпайлық соққыларды жүзеге асыру көрсеткіші – 50%.

«Тобыл» БК:

Антон Быков — 21 ұпай, 12.75 рет допты алу, айып соққыларын орындау көрсеткіші – 92.86%, тиімділігі – 31.00.
Шаим Қуанов – пас беру бойынша (6.0), ойын уақыты (31:40) бойынша көшбасшы және допты тартып алудан үздіктердің бірі.
Василий Петришинец – екі ұпайлық соққыларды орындау бойынша үздік ойыншы (68.75%).
Әділбек Битенов – үш ұпайлық соққыларды жүзеге асыру көрсеткіші – 65.22%.

«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников пен команда ойыншысы Вадим Щербак серия алдында келесідей пікір білдірді:

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

Плей-оффтың жартылай финалдық кезеңіне дайындығымыз жоғары деңгейде. Әр ойынның маңызын жақсы түсінеміз және серияда жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.

Вадим Щербак, лёгкий форвард «Астаны»:

«Тобыл» — ойыншылары бір-бірін жақсы түсінетін мықты команда. Олардың құрамы тәжірибелі және Қазақстан ұлттық командасы ойыншыларынан жасақталған. Тартысты матчтар болады деп күтеміз. «Барсы Атырау» командасымен сериядан кейін кез келген қарсыласқа менсінбеушілік көрсетпеу керектігін түсіндік. Әр ойын финалмен тең деуге болады. Маусым оңайға соққан жоқ, ВТБ Бірыңғай Лигасы ойындары да болды, енді плей-оффта бақ сынап жатырмыз. Сырт алаңдағы серияға аттанбас бұрын бір ғана жаттығу өткіздік. Одан кейін Қостанайда жаттығу болады, содан соң бірден қос ойын. Әрине, бұл қиын, алайда бапкерлер құрамының жоспары бар. Қалыпқа келіп үлгеруімізге уақыт бар және соңына дейін күрес жүргіземіз.

Матч: «Тобыл» — «Астана»
Күні мен уақыты: 19-20 сәуір, 17:00
Өтетін орны: Қостанай, «Қостанай» СОК
Трансляция: клуб сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»