«Астана» КБК пен «Alzhan» ҚҚ Қостанайдағы бапкерлерге арнап екі күндік семинар өткізді

26.04.2025, 12:00    Оқылғаны: 29
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
19-20 сәуір күндері Қостанайда дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен аймақтың балалар жаттықтырушыларына арнап екі күндік семинар өткізді. Шара «Астана» КБК пен «Alzhan» Қоғамдық қоры арасындағы серіктестік туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама екі маңызды бағытқа – бапкерлер мен төрешілер даярлығына бөлінді. Семинардың бас спикері – Қазақстанның Ұлттық Лигасы аясында «Астана» КБК бас бапкері Михаил Лоншаков болды.

Шараға Қостанай мен Қостанай облысының шамамен 15 бапкері, сонымен қатар баскетболдан балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің жас ойыншылары қатысты.

Семинардың бапкерлер күні баскетбол техникасы негіздері – дриблинг, пас пен соққы жасауды үйрету әдістемесіне арналды. Ойыншылардың шабуыл мен қорғаныстағы өзара қарым-қатынасына, тактика негіздері мен ойынды құруға ерекше көңіл бөлінді. Барлық элементтермен жұмыс бастапқы дайындыққа назар аударылған, 8-12 жас топтарына бейімделген ойын жаттығулары барысында жүргізілді. Маңызды техникалық элементтерді толық ойында қолдануға мүмкіндік беретін кешенді жаттығулар да ұсынылды.

Екінші күні қатысушылар командалық қарым-қатынасқа көңіл бөлінді: екі және үш ойыншы болып қорғану, кем құрамдағы және 5х5 ойын кезіндегі әрекеттер, сонымен қатар шабуылға үйретудің алғашқы қадамдары. Екі ойыншының алаңның қос бетінде де өзара әрекеттесу әдістері де талқыланды.

Семинардың төрешілерге арналған бөлімі баскетболдың ресми ережелеріне енгізілген өзгерістерге арналды. Қатысушылар екі адам болып төрелік ету қыр-сыры, ереже бұзуды, кезең аяқталуы мен алаңда кикілжің туған сәттерде өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін талқылады.

Семинар маусымның ең басты шарасы – 9-11 мамыр аралығында Хромтау қаласында өтетін Alzhan Мектеп лигасы Суперфиналына дайындықтың бір бөлігі атанды. 

Михаил Лоншаков, «Астана» КБК бас бапкері семинар туралы пікірімен бөлісті:

 «Семинарға шақырту алғаным үшін қуаныштымын. Сабақтар өткен атмосфера маған шабыл сыйлады: қатысушылар үлкен ынтамен жұмыс істеп, процеске шынайы қызығушылық танытты, әрі әр тапсырманы түсініп, орындауға тырысты. Бапкерлердің белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олардың дамуға шынайы қызығушылықтары бар екендігі көрініп тұрды, өте терең сұрақтар қойды және баскетболдың маңызды аспектілеріне талқылау жүргізді. Мұндай шаралар өзіңе де тың күш сыйлап, Қазақстан баскетболының болашағы жарқын екендігіне сеніміңді арттыру түседі.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»