Александр Жигулин «Астанаға» қайта оралды!

06.06.2025, 10:30    Оқылғаны: 30
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы шабуылшы Александр Жигулинмен келісімшартқа қол қойды. Келісім бір жылға, 2025/2026 жылдар маусымына есептелген.

Александр елордалық команда жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бес маусым (2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін) бойы «Астана» сапында ойнап, ВТБ Бірыңғай лигасында да, ішкі біріншіліктер де өнер көрсетті.

Одан соң ол Ресейдің Суперлигасында «Уфимец», «Самара» және «Химки» құрамында ойнап, командаларының тұрақты түрде нәтижеге қол жеткізуіне көмектесті.

Соңғы үш маусымда Александр Ұлттық Лигада «Ирбис-Алатау» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болды: әр матчта орта есеппен 13.6 ұпай, 5.9 рет допты алу, 1.6 пас.

Сонымен қатар, Жигулин тұрақты түрде Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақырту алып, халықаралық турнирлерде, атап айтса әлем және Азия чемпионаттарына іріктеу кезеңдерінде ел намысын қорғайды.

Александрдің командамызға қайта оралғанына қуаныштымыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»