«Астана-Жастар» құрамы тағы үш ойыншымен толықты!

01.08.2025, 19:30    Оқылғаны: 32
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Командаға бұрын «Astana Tigers» құрамында өнер көрсеткен 19 жастағы шабуылдаушы қорғаушы қосылды. Өткен маусымда ол 29 ойын өткізіп, әр матчта орта есеппен 13.7 ұпай еншілеп, 2 пас берген және 5 рет допты алған. Оған қоса, Романның 2023 жылы ҰБА «Basketball Without Borders» лагеріне қатысқанын айта кету керек. Сондай-ақ, ол — Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы. 



Сонымен қатар, команда қосынын Асқар Серімбет толықтырды. Ол бұған дейін «Астана» намысын қорғаған еді, алайда өткен маусымда ол «Astana Tigers» құрамында өнер көрсетті. Жоғары Лига аясында ойыншы 28 матчқа қатысып, әр кездесуде 5.6 ұпай еншілеп, 2.7 пас берген және 2.5 рет допты алған. Асқар да Қазақстан жастар құрамасының мүшесі. 



Одан бөлек, орталық ойыншы Глеб Есенжолов «Астана-Жастар» құрамында ойнауды жалғастырады. Команданың ең жас ойыншысы өткен маусымда Қазақстан чемпионатында (U-21) 19 матч өткізді.

Жігіттерге жаңа маусымда сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»