«Астана» командасының жаңа ойыншысы — E.J. Day (Эрик «E.J» Дэй) 

03.09.2025, 10:00    Оқылғаны: 110
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
1999 жылдың 4 қыркүйегінде Норуолкте дүниеге келген (Коннектикут, АҚШ). Бойы — 180 см (5’10’’ — 5’11’’).

Колледжден кейін Эрик мансабын Еуропада жалғастырып, Кипрде (РАЕЕК), Латвияда (BK Ogre) және Францияда (ALM Évreux Basket) ойнап үлгерген. 

«РАЕЕК» сапында ол ерекше нәтижелілігімен көзге түсті: бір ойында орта есеппен 26.1 ұпай еншілеп, 4.3 рет допты алып, 5.1 пас берген және 1.3 рет допты тартып алған (18 матч, 38.9 минут ойын уақытын алған).

Латвиялық «Ogre» құрамында ойнаған кезінде бір матчта 8 пас берген. Бұл — оның Латвия-Эстония лигасындағы ең үздік нәтижесі. 

2024/2025 жылдар маусымында Францияның Pro B (екінші дивизион) лигасында ойнайтын «Évreux» құрамында ол тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетті: әр матчта 25.2 минут ойын уақытын ала отырып, орта есеппен 14.2 ұпай еншілеп, 1.9 рет допты алған, 4.2 пас берген және 1.2 рет допты тартып алған. 

Францияда командамыздың жаңа ойыншысы тұрақты нәтиже көрсетуінің арқасында (әрдайым кем дегенде еншісіне 12 ұпай мен 4 пасты жазып отырған) көпшілік назарына ілікті. Ал 2024 жылдың 3 желтоқсанында өз командасына Pro B көшбасшы «Orleans» ұжымын жеңуге көмектесті — 27 ұпай, 7 пас. Сондай-ақ, ойынның аяқталуына 0.7 секунд қалғанда командасына жеңіс әкелген шабуылдың нүктесін қойған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»