«Астана» Ақтауға сапарға аттанды, онда команда 2-3 желтоқсан күндері «Каспийге» қарсы ойнайды. Екі ойында сағат 19:00-де басталады. Елордалық ұжым Қазақстан Ұлттық Лигасында өнер көрсетуін жалғастырып келеді және команда әзірге бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ. Биылғы маусымда «Каспийді» өз алаңымызда қабылдадық, матчтар қиын өткенімен, «Астана» қос жеңіске қол жеткізе алды – 84:68, 87:74.
«Каспий» болса, «Алматинский Легион» командасына қарсы ойындардың бірінде жеңілістер сериясын үзіп, алғашқы және әзірге маусымдағы жалғыз жеңісіне қол жеткізді – 67:70.
Кездесулер тарихы
«Астана» мен «Каспий» өзара 65 рет кездескен және 59 ойында елордалық ұжым жеңімпаз атанған. Десе де, биылғы Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Каспийден» жеңілу «Астана» үшін ең ауыр нәтижелердің бірі болып қала беріп отыр.
Командалардың көшбасшылары
«Астана» құрамында қазіргі таңда әр ойында орта есеппен 18 ұпай еншілейтін Роберт Пан көшбасшы ойыншы. Ал «Каспий» сапында Константин Неффті ең нәтижелі ойыншы деуге болады – 15.5 ұпай.
Допты алу бойынша көшбасшылар:
* Роберт Пан — әр ойында орта есеппен 6 рет допты алу
* Владимир Иванов — әр ойында орта есеппен 6.5 рет допты алу
Үздік ассистенттер:
* Эрик Дэй — 5.5 пас
* Вадим Доц — 4 пас
Матчтар 2-3 желтоқсан күндері Ақтаудағы «Халық Аренада» өтеді. Ойындар сағат 19:00-де басталады. Кездесулерді біздің сайтымыздан тікелей эфирде көруге болады.