«Астана» FIBA WASL-дегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, «Әл-Вахданы» сенімді түрде жеңді

19.12.2025, 15:30    Оқылғаны: 33
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Батыс-Азия Супер Лигасындағы дебюттік маусымында сәтті өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Бейсенбі, 18 желтоқсанда, «Сарыарқа» велотрегінде елордалық команда сириялық «Әл-Вахданы» 88:64 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдегі қатарынан үшінші жеңісіне жетті.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері жоғары қарқын орнатып, матчтағы алғашқы тоғыз ұпайды өз еншісіне жазды. Бірінші ширектің соңына қарай «Астана» ойын тізгінін толық өз қолына алды. Үлкен үзіліске дейін есеп айырмасы екі таңбалы көрсеткішке жетсе, матчтың екінші жартысында команда ойынды сенімді түрде жеңіске жеткізді.

Кездесудің басты қаһарманы Адас Юшкявичюс болды. Ол 35 ұпай жинап, матчтағы ең жоғары нәтижені көрсетті. Литвалық қорғаушы соққы жасауда жоғары дәлдік танытып (11/15), сондай-ақ өз есебіне 6 рет допты алуды, 4 нәтижелі пас пен 3 реь допты тартып алуды жазды.

«Менің ұпайларым аса маңызды емес — ең бастысы, команда жеңіске жетті. «Астананың» бір бөлігі болғаныма және ортақ жетістіктерге өз үлесімді қосып жүргеніме қуаныштымын», — деді Юшкявичюс матчтан кейін.

Жеңіске Роберт Пан да айтарлықтай үлес қосты. Пан дабл-дабл жасап, 12 ұпай мен 12 рет допты алды, сондай-ақ ол нәтижелі пастарымен және қорғаныстағы сенімді ойынымен ерекшеленді.

«Әл-Вахданы» жеңу «Астанаға» FIBA WASL бірінші айналымының турнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалуға көмектесті. Қазақстандық команда өз алаңында өткізген үш ойында да жеңіске жетті.

FIBA WASL жарыстары мерекелік үзіліске шығып, қаңтар айында қайта жалғасады. 15 қаңтарда «Астана» өз алаңында Иран чемпионы — «Шахрдари Горган» командасын қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»