«Астана» биылғы жылдың соңғы матчтарын өткізеді!

22.12.2025, 14:00    Оқылғаны: 36
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан Ұлттық лигасының тұрақты маусымы жалғасып жатыр. «Астана» күнтізбелік жылдың қорытынды матчтарын «Алматинский Легион» командасына қарсы өткізеді. 22 және 23 желтоқсанда сағат 20:00-де елордалық команда Алматыдан келген қонақтарды «Сарыарқа» велотрегінде қабылдайды.

Қазіргі уақытта «Астана» жеңіліссіз келе жатыр, ал «Алматинский Легион» турнир кестесінде екінші орында тұр және команда бес ойында жеңіліс тапқан.

Кездесулер тарихы 

Командалар бір-бірімен 30 рет кездескен, соның 27-сінде «Астана» жеңіске жеткен. Соңғы рет «Алматинский Легион» елордалық клубты өз алаңында 8-9 қараша күндері қабылдады. Командалар арасындағы соңғы матч 73:106 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. «Астананың» алматылық ұжымға қарсы ең ірі жеңісі 2015 жылғы 26 наурызда тіркелген — 128:59.

Командалардың көшбасшы ойыншылары 

Қазіргі таңда «Астананың» ұпай бойынша көшбасшы ойыншысы — Асқар Майдекин. Елордалық клубтың орталық ойыншысы бір матчта орта есеппен 19,5 ұпай жинап, сондай-ақ 7,5 рет допты алу көрсеткішімен командада алда келеді. Команданың ең үздік ассистенті — Эрик Дэй. Ол бір ойында орта есеппен 6,5 нәтижелі пас беріп, 4 рет допты тартып алады және айып добын орындауда 100% дәлдік көрсетіп отыр.

«Алматинский Легион» құрамынан легионер Элайджа Хардиді ерекше атап өтуге болады. Ол бір матчта орта есеппен 14 ұпай жинайды. Ал Никита Тимофеев командада допты алу (8) және нәтижелі пас (2,5) көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.

«Алматинский Легионға» қарсы екі матч та «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және сағат 20:00-де басталады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»