«Астана» мен Ұлттық спорт университеті серіктестік туралы меморандумға қол қойды
18 ақпанда «Астана» кәсіби баскетбол клубы мен Қазақ Ұлттық спорт университеті екіжақты серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат екі жақтың Қазақстандағы баскетболды дамытуға, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, сонымен қатар дене шынықтыру мен спорт менеджменті саласында білікті маманды даярлауға бағытталған стратегиялық серіктестігін нығайтады.
Келісім аясында білім беру, ғылым және тәжірибелік салаларда өзара қарым-қатынас орнатылады. Басты назар кәсіби клуб пен салалық жоғары оқу орны арасындағы серіктестіктің тиімді моделін жасау, спорттық резерв жүйесін қалыптастыру, тәжірибе алмасу мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға аударылады.
Серіктестік спортшылар мен мамандардың жаңа ұрпағын даярлау үшін «Астана» КБК практикалық тәжірибесі мен Университеттің ғылым-білім әлеуетін біріктіруге, сондай-ақ қазақстандық баскетболдың ұлттық және халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға көмектеседі.
Меморандумға қол қою елдегі баскетболды ұзақ мерзімді дамуына тұрақты платформа қалыптастыру және институционалдық байланысты кеңейту үшін маңызды қадам болды.
Самсон Аракелян, «Астана» КБК бас директоры:
- Қазақ Ұлттық спорт университетінің инфрақұрылымы мен жүйелі жұмысы мені таңғалдырды. Бұл — елдегі спорттық білім берудің жаңа сапасын қалыптастыратын заманауи база. «Астана» КБК үшін қазақстандық спорттың дамуы жаңа тарихының қалыптасуына өз үлесін қосу — үлкен мәртебе. Біз ортақ жобаларды жүзеге асыруда үлкен әлеует көріп отырмыз және Университет Қазақстанның спорттық білім беру мен мамандардың жаңа ұрпағын даярлауда жетекші рөлге ие болатынына сенімдіміз.