«Астана» сырт алаңда «Әл-Вахдамен» кездеседі

19.02.2026, 16:00    Оқылғаны: 16
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бейсенбі, 19 ақпанда астаналық команда FIBA WASL — West Asia League топтық кезеңі аясында сырт алаңда «Әл-Вахдаға» қарсы ойнайды. Матч Ливандағы Noshed Nawfal Sports Complex аренасында өтеді, ал ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады деп жоспарланған. 
Турнирдің келесі кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған сириялық клуб маусымды жақсы көңіл-күймен аяқтап, жанкүйерлеріне өз алаңында жеңіс сыйлауға талпынады. Дегенмен, турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалуға тырысатын «Астана» осы мақсатына жету үшін барын салып, ойынға жоғары дайындықпен шығатыны сөзсіз. 

Командалардың желтоқсан айында өткізген өзара кездесуінде қазақстандық ұжым ойын бойы жоғары қарқын көрсетіп және шабуылда тиміді ойнап, 88:64 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізген. 
«Астана» үшін плей-офф кезеңінде өз алаңында ойнауы үшін турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалуы маңызды. 
Қазақстандық клуб маусым бойы нағыз командалық ойын өрнегін көрсетіп келеді, ал команданың нәтижесінде шешуші рөлді келесі ойыншылар атқарып жүр:

Адас Юшкявичюс — «Астана» сапында ұпай саны бойынша көшбасшы ойыншы. Ол бір ойында орта есеппен 16.0 ұпай еншілеп, допты алу мен нәтижелі пастарға да елеулі үлесін қосады;

Эрик Дэй — орта есеппен 15.8 ұпай мен 7.8 пас олжалап, команданың шабуылын ұйымдастыруда маңызды рөл ойнайтын баскетболшы; 

Роберт Пан — әр кездесуде орта есеппен еншілейтін 14.9 ұпайы мен 8.0 рет допты алуының арқасында командадағы бірегей ойыншылардың бірі саналады әрі оның тиімділік көрсеткіші тұрақты түрде жоғары;

Сириялық клуб болса, өзінің жетекші ойыншыларының нәтижелі ойын өрнегіне сенім артады:

James Justice Jr. — орта есеппен бір ойында 24.3 ұпай еншілейтін, тиімділік көрсеткіші жоғары және 5.2 пас беретін команданың үздік сұрмергені.

Domagoj Proleta — бір матчта 22.0 ұпйа еншілеп, 6.5 рет допты алатын маңызыд скорер-ойыншы. 

Falando Cortez Jones — әр кездесуде орта есеппен 14.7 ұпайды өз есебіне жазып, шабуылда маңызды рөл ойнайтын баскетболшы. 

Ойын Ливандағы Noshed Nawfal Sports Complex аренасында өтіп, Астана уақытымен сағат 23:55-те басталады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»