«Астана» құрамына жаңа ойыншы — америкалық шабуылшы Камрон Блю қосылды

05.03.2026, 16:00    Оқылғаны: 20
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Баскетболшы Гринвилльде (АҚШ) дүниеге келген және өз позициясы үшін керемет антропометриялық көрсеткішке ие — оның бойы — 200 см.

2021/2022 жылдар маусымын ол NCAA-де өткізіп, Atlantic 10 конференциясындағы мықты университеттердің бірі — «Fordham University» сапында өнер көрсетіп, студенттік деңгейде үлкен тәжірибе жинаған. 

2022/2023 жылдар маусымында да ол NCAA-де бақ сынайтын «Coppin State University» құрамында ойнап, өзінің деңгейін дәлелдеген. 

Өткен маусымда Блю әзербайжандық «Sabah» (Баку) сапында ойнап, шабуылда сенімді ойын өрнегін көрсетіп, EuroCup Basketball-да команданың ТОП-3 ойыншысының қатарына кірді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»