“Астана” 2026 жылғы “Болашақ ойындарына” қатысады

19.03.2026, 12:30    Оқылғаны: 14
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» халықаралық “Болашақ ойындары-2026” турнирінің іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жарыстың финалдық сайысына қатысуға мүмкіндік алды.

Астаналық ұжым турнирдің іріктеуіне биыл екінші рет қатысты. Бұған дейін “Астана” өткен жылы Абу-Дабиде өткен “Болашақ ойындары-2025” турнирінде ел намысын қорғап, қола жүлдегер атанған еді. 

Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Алдымен Астана қаласы командалары арасында жарыс өтті, одан кейін ең мықты ұжымдар республикалық деңгейде сайысқа түсті. “Астана” іріктеудің екі кезеңіндегі барлық матчта жеңіске қол жеткізді. 

Іріктеу қорытындысында команда жазда Астанада өтетін “Болашақ ойындары-2026” финалдық кезеңіне жолдамаға ие болды. 
Халықаралық жарыстың іріктеуінде клуб намысын Руслан Айтқали, Роберт Пан, Сардал Абашизде мен Әсет Амангелдинов қорғап, командалық жоғары ойын өрнегі мен өзара түсіністіктікті көрсетті.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»