«Астана» Академия тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын өткізді

24.04.2026, 14:00    Оқылғаны: 18
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» балалар-жасөспірімдер баскетболын дамыту және негізгі команда мен өскелең ұрпақ арасындағы байланысты нығайту үшін жасалып жатқан жүйелі жұмысты жалғастырып, Академия тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сағатын өткізді. 

Шараға бас бапкердің міндетін атқарушы Дэйнюс Шаленга, бакердің көмекшісі Антон Пономарев, жалпы дене жаттығуы бойынша бапкер Володымыр Кучеренко, команда капитаны Рустам Мурзагалиев пен негізгі құрамның ойыншылары Руслан Айтқали, Александр Оразбеков, Адас Юшкявичюс пен Эрик Дэй қатысты. 

Шеберлік сағаты белсенді дене қыздыру жаттығуынан басталып, оны жалпы дене жаттығуы бойынша бапкер өткізді. Басты назар координацияға, аяқ жұмысына және бұлшықеттерді алдағы жүктемеге дайындауға аударылды. Мұның бәрі жас ойыншылардың жұрыс физикалық базасын қалыптастыружа маңызды рөл ойнайды.

Дене қыздыру жаттығуынан кейін қатысушылар топтарға бөлініп, олардың әрқайсысына негізгі команданың ойыншысы жетекші ретінде тағайындалды. Мұндай формат жас баскетболшылардың жеке шеберліктерін арттырып қоймай, кәсіби спортшылардан кеңес алуға мүмкіндік берді. Жаттығу процесі аясында жас спортшылар дриблингпен, доппен жұмыс істеу техникасымен, допты лақтырудың түрлі әдістерімен жұмыс істеді. «Астана» ойыншылары өз тәжірибесімен бөлісе отырып, әр детальға мән беріп, әр қатысушының жеке қабілеттерін шыңдауына көмектесті. 



Шараның соңында алдын-ала жасақталған командалар өзара матч өткізді. Ойыншылар мінез танытып, командалық ойын мен жеңіске деген құштарлығын көрсетіп, паркеттегі атмосфера шынайы ойындай әсер қалдырды. Шешуші матчта Рустам Мурзагалиев пен Александр Оразбековтің жетекшілігіндегі командалар кездесті. Тартысқа толы кездесуде Александр Оразбековтің командасы жеңіске жетті. 

Шеберлік сағатының соңында «Астана» ойыншылары өз топтарындағы үздік қатысушыларды атады. Өзін жақсы көрсеткен Академия тәрбиеленушілеріне олардың дамуға деген мотивациясын арттыра түсетін сыйлық табысталды. 

Мұндай шараларды ұйымдастыру жас таланттарды қолдау мен дамуына көмектесуге бағытталған «Астана» КБК философиясының маңызды бағыты болып саналады. Негізгі команда ойыншыларының қатысуымен



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»