“Астана” Бакуда жолдастық кездесулер өткізеді 

03.04.2026, 12:00    Оқылғаны: 30
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
“Астана” Әзербайжанда жергілікті “Сабахқа” қарсы жолдастық кездесулер сериясын өткізеді. Командалар арасындағы кездесулер 4 және 6 сәуір күндері өтеді. 

Астаналық команда үшін бұл матчтар дайындықтың маңызды кезеңі болмақ. Ұлттық Лига мен WASL маусымындағы үзіліс салдарынан қазіргі таңда “Астананың” ойын тәжірибесі аз. Сондықиана бұл жолдастық кездесулер команданың ойын темпін сақтауға, ойыншылардың формасын сақтау мен маусымның шешуші кезеңі алдында командалық ойын өрнегін жақсартуға көмектеседі. 

Жолдастық кездесу үшін Бакуге аттанған команда құрамы: Асқар Майдекин, Руслан Айткали, Вадим Щербак, Рустам Мурзагалиев, Александр Жигулин, Роберт Пан, Әмірәли Сүлейменов, Сардал Абашидзе, Александр Оразбеков, Эрик Дэй, Адам Юшкявичюс и Кэмрон Блю.

“Астана” Әзербайжанның қарқынды дамып келе жатқан клубтарының бірі “Сабахпен” кездеседі. Команда Баку намысын қорғайды және Әзербайжан баскетбол лигасында өнер көрсетеді. Соңғы жылдары клуб ұлттық чемпионатта көшбасшы командалар сапына қосылып, жетекші ұжымдардың біріне айналды. 

“Сабах” жергілікті ойыншылар мен тәжірибелі легионерлердің (8) үйлесімді ойын өрнегіне басымдық береді. Соның есебінен команда агрессияға толы қорғаныс пен жылдас шабуылға шығып, жылдам ойын көрсетеді. Команданың ойынында басты назар периметрге аударылады: “Сабах” алыстан жасалатын соққылар мен баламалы шабуылды жиі қолданады. 

Клуб өз алаңындағы матчтарын Бакудегі заманауи аренада өткізеді, онда командаға әрдайым жанкүйерлері қолдау көрсетеді. Бұл “Сабахқа” басымдық беріп, Бакудегі ойындарды қиындата түседі. 
“Астанаға” алдағы ойындар тек физикалық формасын сақтауға ғана емес, ұлттық чемпионаттан тыс жерде де өзін дәлелдеуге құлшынысы бар, ұйымдасқан ұжымға қарсы ойынмен өзін тексеруге де мүмкіндік береді. 

Адас Юшкявичюс, “Астана” БК шабуылдаушы қорғаушысы: 

Бірнеше күннен кейін “Сабахқа” қарсы жолдастық кездесулер күтіп тұр, қазір қарсылас туралы көп ақпарат білмпейміз. Өз басым олардың бапкерлер штабымен таныспын. Команданың бас бапкері Римас Куртинайтис Литва құрамасын жаттықтырады, мен оның және көмекшісі Ауримас Ясилионис жетекшілігінде жұмыс істедім. Олар — менің жақын адамдарым. 

Жақын күндері қарсыласты жан-жақты талдап, видео қарап, ойындарын зерттеп, “Сабахты” жақынырақ тани түсеміз. Команда құрамында легионер көп екені белгілі, нақтырақ айтсақ, сегіз ойыншы бар. Онымен қоса, әзербайжандық ең үздік ойыншылар “Сабах” құрамында ойнайды. 

Бізді қиын ойындар күтіп тұр десек болады, дегенмен дәл осындай матчтар Ұлттық Лиганың плей-офф кезеңі алдында өте пайдалы. Қазір қалыпты дайындық режиміндеміз: күніне екі рет жаттығамыз, жүктеме де жоғары, шаршаңқылық та бар, бірақ кез келген ойынға дайынбыз. 

Алдағы ойындардың мен үшін маңызы жоғары. Жарақатымның салдарынан чемпионаттағы бірнеше матчқа қатыса алмадым, сондықтан ойынның атмосферасын сағынып қалдым. Денсаулығым жақсы, жарақатымнан толық айықтым және тезірек алаңға шығуға асықпын. 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»