«Астана» баскетбол клубы 2025/2026 жылдар маусымының FIBA WASL Final 8 кезеңіне қатысады.
Батыс Азия мен Парсы шығанағының ең үздік клубтары қатысатын турнирдің шешуші кезеңі FIBA шешімімен 2026 жылдың күзіне ауыстырылды. Турнир 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді.
Жарыстың өткізілу мерзімін ауыстыруға наурыз және сәуір айларынла Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы күрделі саяси ахуал, әуе қатынасына енгізілген шектеулер мен логистикалық қиындықтар себеп болды. Сонымен қатар, бұл шешімге ішкі чемпионаттар күнтізбесіндегі өзгерістер мен ұлттық құрамалардың 2027 жылғы FIBA Әлем Кубогы іріктеуіне дайындығы ықпал етті.
Барлық жағдайларға қарамастан, «Астана» Final 8 турниріне жолдама алды және чемпиондық атаққа таласады. Финалдық кезең қорытындысында маусымның екі үздік командасы Basketball Champions League Asia 2026 турниріне жолдама алды.
Сегіздік финалдың өтетін жері мен матчтар кестесі кейінірек белгілі болады.