Олег Балашов бізбен бірге!

08.06.2026, 10:00    Оқылғаны: 33
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы қазақстандық ойыншы Олег Балашовпен келісімшартқа қол қойды.

Олег – Атырау баскетбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын «Барсы Атырау» клубының жүйесінде бастап, 2021 жылы «Астана» қатарын толықтырды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан Ұлттық лигасында, ВТБ Бірыңғай лигасында және халықаралық турнирлерде өнер көрсетті.

Өткен маусымда Балашов Ресей Суперлигасында өнер көрсететін «Новосибирск» клубының намысын қорғады. Ойыншы чемпионаттың 32 матчына қатысып, орта есеппен бір ойында 8,4 ұпай, 3,1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазып, 2,7 рет допты алған. 

Сондай-ақ, Олег Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырылып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүр. 

«Астанаға» қош келдің, Олег!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»