Қазіргі заңнама команда сапында легионерлердің ойнауына емес, олардың бюджет тарапынан қаржыландырылуына шектеу қояды. Өткен маусымда клуб демеушілер қаржысы мен коммерциялық серіктестер арқасында FIBA WASL өнер көрсетуге қабілетті құрам жасақтай білді. ВТБ Бірыңғай Лигасына қайта оралу серіктестік мүмкіндіктерді кеңейтіп, команданы жақсарта түсуге мүмкіндік береді.
2011 жылдан бері «Астана» — ВТБ Бірыңғай Лигасындағы Орталық Азияның жалғыз командасы. Клуб үшін бұл тек Лигада бақ сынсу емес, отандық баскетболды халықаралық аренада көрсету үшіг маңызды мүмкіндік.
Лига сапына қайта оралуда клубтың жастарға арналған бағдарламасы маңызды рөл ойнайды. Қазақстандық ойыншылар ВТБ Бірыңғай Жастар Лигасында толық маусым өткізді, ал 2024/2025 жылдар маусымында қазақстандық баскетболшылар негізгі командада рекордтық көрсеткіштегі ойын уақытына ие болды. Енді клуб дамудың жаңа кезеңіне аяқ баспақ: Олег Балашовпен келісімшарт жасалды, Владимир Иванов команда сапын толықтырады, сондай-ақ жақын уақытта клуб 2022 жылдан бастап мақсатты түрде даярлап келе жатқан жастар негізгі құрамға қосылады.
«Астана» ойыншылары Қазақстан ұлттық командасының негізін құрайды. Алда әлем чемпионатына іріктеудің жаңа төртжылдық циклі, сондықтан ВТБ Бірыңғай Лигасына қатысу қазақстандық баскетболшыларға халықаралық аренада лайықты өнер көрсету үшін қажетті тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Клуб дамуының тағы бір дәлелі — FIBA WASL маусымындағы нәтиже. «Астана» турнирдің аймақтық кезеңінің финалисі атанып, биыл күзде өтетін Final 8 жарысына тікелей жолдама жеңіп алды. Онымен қоса, «Астана» — ел намысын Еуропа мен Азия турнирлерінде қатар қорғаған тарихтағы жалғыз клуб.
ВТБ Бірыңғай Лигасына қайта оралу — клубтың әрі қарай дамуы, жас ойыншыларды даярлау мен Қазақстан баскетболының халықаралық аренадағы беделін нығайта түсу үшін маңызды қадам.