Райковичтің бапкерлік қызметтегі тәжірибесі 30 жылдан асады. Ол өз мансабында Сербияда, Польшада, Венгрияда, Жапонияда, Хорватия мен Черногорияда жұмыс істеген, сондай-ақ, Еуролигада, Еурокубокте, ВТБ Бірыңғай Лигасында және Адриатика лигасында еңбек ету тәжірибесі бар.
Сербиялық маманның мансабындағы ең жарқын кезеңдерінің бірі — 2014 жылы Польшада «Туровпен» чемпион атанған кезі. Сонымен қатар, ол 2014 және 2024 жылдары Польша Суперкубогының иегері атанған. Одан бөлек, Райкович Польша чемпионатының күміс және қола жүлдегері, ал 2012/2013 жылдар маусымы қорытындысында Польша баскетбол лигасының үздік бапкері деп танылды.
Миодраг әр жылдары «Туров», «Шлёнск», «Мега», жапониялық «Ямагата Уайвернс», «Тояма Грусес», «Нисиномия Сторкс» және өзге клубтарды жаттықтырған. 2025/2026 жылдар маусымында бапкер Адриатика лигасында бақ сынайтын Хорватияның «Сплит» клубымен жұмыс істеді.
Райкович Сербияның U19 жасқа дейінгі құрамасы бапкерлер штабында әлем чемпионатының жеңімпазы атанған, сонымен қатар ол жаттықтырған командалар Еуролигада, Еурокубокта және Жапонияның B.League плей-оффында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.